2020 жылға қарай еліміздегі мектептер жаппай ағылшын тілінде сабақ беруге көшеді

18.12.2018
2020 жылға қарай еліміздегі мектептер жаппай ағылшын тілінде сабақ беруге көшеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Әсіресе, жаратылыстану пәндері бойынша оқушы толықтай осы форматта білім алуы керек. Сондықтан қазір мұғалімдердің біліктілігін арттырылып жатыр. Яғни, шет тілін білмейтіндері басынан оқытылады. Ал білетіндері білімін одан әрі шыңдайды. Сөздің шыны керек, осыдан бірер жыл бұрын ағылшын тілінде сабақ өтеді дегенде селк ете түсіп ек. Тіпті ол бізге орындалмайтын арман сияқты көрінетін. Ал енді міне, жүйелі құрылған жоспар және білікті мамандар еңбегінің нәтижесінде оның мүмкін екеніне көзіміз жетіп отыр. Астана қаласындағы мектептер осы оқу жылында физика,химия, биология және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыта бастады. Толығырақ: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/284610-2020-zhyl-a-araj-elimizdegi-mektepter-zhappaj-a-ylshyn-tilinde-saba-beruge-k-shedi

Похожие видео

Показать еще