Елбасы «Дару» оңалту орталығын аралады

23.06.2014
Өңірімізге жұмыс сапарымен келген ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Дару» оңалту орталығына да аялдады. Облыстағы бірегей заманауи емхана былтырдан бері мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту мақсатында жұмыс жасап жатыр. Клиникада амбулаторлық және стационарлық көмек көрсетіледі. Клиникада жүрек ауруларынан бастап жүйке жүйесіне дейін емдеп шығуға болады. Ем-домға небір шетелдік құрылғылар орнатылып қойылған. Мәселен мына қазіргі заманғы швейцариялық «Локомот» құрылғысы бас және жүйке жүйесінің жарақаты бар емделушілерге арналған. Құны да қомақты, 600 мың еуро тұрады. Биылдыққа клиникаға 1 жарым млрд теңгеге инвестициялық қаржы құйылған. Оның 400 млн-ы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында берілген. Емхана жеке болғанмен кейбір емделушілер мұнда мемлекет есебінен ем қабылдай алады. Денсаулық сақтау министрлігі емханаға 520 млн теңгеге тапсырыс берген. Палаталардың бірінде елбасыны ерекше сый күтіп тұрды. Емделушілер арасында 93 жастағы Евдокия Санжарова да бар екен. Әжей Шамалғанда Назарбаевтар отбасымен бірге көрші тұрыпты. Президенттің ата-анасын жақсы таныған ол Нұрсұлтан Әбішұлының балалық шағын еске алды. 93 жасқа толған Евдокия Санжарованы бірден таныған елбасы онымен жылы сөйлесті. Екеуі біраз әңгімелесті. Президент қарияға теледидар мен тоңазытқыш сыйға тартты. Содан соң емхана ұжымымен кездесіп, облыстың денсаулық сақтау саласының өкілдерімен жүздесті. Елбасы қазір ақ халаттылардың оқуына, шетелде тәжірибеден өтуіне үлкен мүмкіндіктер бар екенін алға тартты.

Похожие видео