Ұят! Семейден аяқ аттам жердегі ауылда медициналық пункт атымен жоқ HD
Қазақстандағы алты жүзден астам ауылда әлі күнге дейін медициналық пункт пен амбулаторлық орталықтар жоқ. Барларының өзінде ғимараттар апаттық жағдайда немесе мүлдем жабылып қалған. Соның кесірінен тұрғындар сапалы медициналық көмек ала алмай отыр. Тіпті, жедел жәрдем қызметін шақырта алмайтын да ауылдар бар. Сондықтан алғашқы медициналық көмектің өзін алу үшін бірнеше шақырым жердегі аудан және облыс орталықтарына сабылуға мәжбүр. Бұл Семейден небәрі он шақырым жердегі Жарқын ауылы. Облыс орталығынан аяқ аттам жердегі елдімекенде медициналық пункт жоқ. Ескісі апаттық жағдайда тұрған соң жабылып қалған. Соның салдарынан тұрғындар алғашқы медициналық көмек алу үшін Семейге баруға мәжбүрміз дейді. Ал жедел жәрдем шақырсаң кемі екі-үш сағат күту керек, ал қыста жол болмаған кездері жарты күн күтіп қаламыз дейді. ФАИНА НҰРБАЕВА, Жарқын ауылының тұрғыны: – Қазақстанның 650 елдімекенінде бірде бір емдеу мекемесі жоқ. Президент екі жылдың ішінде мәселені шешуді Үкіметке тапсырды. Яғни, бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілуі тиіс. Ал 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарып, енді ауданаралық көпбейінді мекемеге айналады. Онда инсульттен емдеу орталықтары, хирургия, жансақтау және оңалту бөлімдері ашылады. Ол үшін болжам бойынша мемлекеттен 100 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінуі керек. ӘЛИМА ҚАСЫМОВА, ҚР ДСМ Стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек басқармасының басшысы: – Ауданаралық ауруханалар ең озық құрылғылармен жабдықталады. Яғни, барлық қажетті көмекті облыс орталығына бармай сол жерден алуға болады деген сөз. Бұл ауруханалар облыс орталықтарынан шалғайда орналасқан және халық санының тығыздығына байланысты таңдалады. Сондай-ақ енді елімізде ерікті медициналық сақтандыру жүйесін енгізіледі. Өйткені қазіргі жүйе шын мәнінде жүзеге аспай отыр деген еді мемлекет басшысы. Ал сарапшы Марат Мамаевтың айтуынша, ол үшін алдымен заң өзгеруі керек. МАРАТ МАМАЕВ, сарапшы: – Бізде мемлекет кепілдік берген медициналық көмек деген не? Оған не кіреді? Осы заң жүзінде анықталмаған. Алдымен осыны реттеу керек. Сонда ғана медицина сапасын жақсарту туралы айта аламыз. Ал бізде тек оны кімдер алады және қаражаттың қайдан бөлінетіні анықталған. Тағы бір мәселе. Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Ол үшін дәрігерлерді дайындау жүйесін жетілдіру міндеттеледі. Сондай-ақ, медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көпбейінді ауруханалар және клиникалар ашылады. Ал үш жылдың ішінде резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға көбейеді. Бұл ұлт денсаулығын жақсартуға септігін тигізуі тиіс. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #АуруханасызАуыл #Семей #МедСақтандыру #тегін_ем