Несие берілмейді! Өзін банкрот жариялаудың артықшылықтары мен кемшіліктері HD
Елімізде жеке тұлғаларды банкрот деп тану туралы заң қабылданса екі миллионға жуық адам бұл мүмкіндікті пайдалануы мүмкін. Бірақ, олардың барлығына бұдан кейін несие берілмеуі ықтимал. Бұдан бөлек экономистер сан түрлі шектеудің болатынын айтады. Ал заңгерлер әне-міне дегенде қабылданатын заңды пайдаланып кетеміз деп ойлайтындар қазір барып несие алуға асықпасын дейді. Өйткені, оның соңы қылмыстық іспен аяқталуы мүмкін екенін ескертеді. Жеке тұлғаларды банкрот деп тану туралы заңды кеш қабылдайын деп жатырмыз деген экономисттер, әлеуметтік теңсіздікті жою үшін жоба алдымен халықтық талқылауға түсуі керек дейді. Осы уақытқа дейін оңды-солды несие беріп келген банктер, заң қабылданғаннан кейін мұндай тәуекелге бара алмайтындарын айтады. Табысынан шығыны көп азаматтардың да мәселесі дәл осы тұста ескерілуі керек. Бірақ, қазір банкрот болғаны, кейін өзіне тиімсіз екенін түсінген борышкерлерге Үкімет алдымен оңалту бағдарламасын ұсыну керек екенін айтады. МАҚСАТ ХАЛЫҚ, экономист: – Егер де бір несиесін жабу үшін тағы екі несие алса, ондай азаматтардың жағдайын қарастырып, банкрот деп қарастыру керек деп есептеймін. Шағын несиелік ұйымдар, банктер де біраз шығын көреді. Коллекторлық компаниялар да. Өйткені банктің қарызын алады ғой өздерінің мойнына өндіру бойынша. Демек олар ертең үлкен шығынға батайын деп тұр МАҚСАТ СЕРӘЛІ, Экономист: – Қарызын төлей алмай жатқан азаматтардың санын қарайтын болсақ 1,5-2 миллион адамға жуық. Бұл азаматтардың бәрі заңды қолданып, өзін банкротпыз деп жариялауы мүмкін. Экспертттік комиссия құрылуы керек. Бұл жерде халық, микрокредиттік ұйым, банк орталықтары, Үкімет тарапына, Атамекен кәсіпкерлік палатасынан комиссия құрылуы керек. Олар жан-жақты қарастыруы тиіс. 3 ай мен 6 айдың арасында адамға мүмкіндік беру керек. Яғни, оңалту бағдарламасына борышкердің негізгі қарыз көлеміне қарай өсімпұл мен пайыздық үстемені алып тастап, жаңадан кесте жасап беру кіреді. Өйткені, өздерін банкротпыз деп жариялаған жеке тұлғалар көптеген кедергілерге кездесуі мүмкін. Әсіресе, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар. ЖАНДІЛДӘ ӘЖІҒАЛИҰЛЫ, халықаралық құқық қорғау орталығының президенті: – Банкрот болып танылған жеке тұлға әрі қарай ИП, ТОО аша алмайды. Мемлекеттік қызметке де тұра алмайды. Әрі қарай кәсіпкерлігін толығымен тоқтатады. Сарапшылар, банкроттық заң қабылданады екен деп қазір несие алып, кейін төлеуге мұршамыз жоқ деп ешкімнің де құтылып кете алмайтынын ескертеді. Өйткені, сотта үш жыл бұрынғы дүние-мүлкіңіз бен кірісіңіз, жұмсап келген қаражатыңыз түгел қарастырылуы мүмкін. Әйгерім Ердәулет, Сергей Шуйский Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #жеке_тұлғалар #банкрот #несие #қаржы_нарығы