Атырау Домбыра Party HD

17.05.2013
Тағы да Домбыра Пати өтті. Жақсы өтті. Алдыңғыларында екі-үш домбырамен ғана өткізетін едік. Осы жолы домбыра да, домбыра тартушылар да көп болды. Артықшылықтар мен кемшіліктерді алға қарай айта жатармын. Уақытым тығыз :) Алдымен жұртқа есеп беру керек :) Ең бірінші Домбыра Пати Н. Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының өнерпаздарымен бірге, сонан кейінгілері Х. Досмұхамедов студенттерімен, соңғысы, міне, Д. Нұрпейсова атындағы Өнер академиясының өнерлілерімен өтті. Жалпы негізгі мақсат кәсібилердің домбыра тартқанын көру болмаса да, біздің қатарда Азамат, Назгүл секілді мықтылар болмағандықтан ауылдың алты ауызын өзгелерге айтқызуға мәжбүрміз. Енді кешегі шара туралы айтсақ. Орнымызды жағдайға байланысты өзгерткендіктен адамдар енді енді біле бастады. Күйді күмбірлетіп жатқан кезде жиналғандардың ішінен бір ақсақал келіп қолымызды қысып кеткені, адамдардың кішкене баласын домбыраға бергім келемін дегені бізге қандай әсер еткені белгілі болар. Ощм, домбыраны қалай тартқанын өз көздеріңмен көрерсіңдер. Айта кетерлігі масаның кесірі бір тигізсе, дәстүрлі ән айтатындардың жоқ болуы өкінішті болды. Әйтседе келесіде әншіміз Ерболаттың келген соң дұрыстап жайғармыз дедік. Хош, төмендегі видеодан қарай отырыңдар!

Похожие видео

Показать еще