«Әр қазақ білуге тиіс тұлға»_ Қайым Мұхамедхановтың қазаққа қандай еңбегі сіңді

05.07.2021
https://aikyn.kz/138962/ «Әр қазақ білуге тиіс тұлға»: Қайым Мұхамедхановтың қазаққа қандай еңбегі сіңді? Мейірім Бақытжанова Маусым 1, 2021 ж. Қайым Мұхамедханов Абайды М.Әуезовтен кейін зерттеген ғалым – Қайым Мұха-медханов. Әкесі Мұхамедхан Сейтқұлов – Алаш қайраткері. Ол 1921-1937 жылдары қуғын-сүргінге ұшырап, атылды. Әкесі тұтқындалғаннан кейін Қайым Педагогикалық институттан қуылды. Сол кезде оны әкесінің досы М.Әуезов қолдап, ұстазына айналды. М.Әуезовтің «Абай жолы» романына ғылыми тілші болды. Сол кезде Мұхтар Әуезов Қайымға үш міндет жүктеді: – Абайдың тұңғыш музейін ашу; – Абай шәкірттерінің мектебін құру; – Ақынның құнды сөздеріне текстологиялық талдау жасау. Қайым 1940 жылы Семейде Абайдың мұражайын ашуға еңбек сіңірді. Қайым Мұхамедханов: Оның рухани мұрасын, өлеңдерін, мұрасын, қара сөздерін ешкім жоя алмайды ғой. Совет үкіметінің соған көзі жетті. Абайды бейімдеу керек болды саясатына. Ол жүк көлігімен шалғай ауылдарға сапар шекті. Абайдың көзін көрген қариялармен әңгімелесіп, қолжазбаларының шынайылығын нақтылады. Мұрат Есжан: Сол кезде ұстаз бен шәкірт бірге отырып, Абайдың сөзін, Абайды қазір қалай болды солай қалыппен ұрпаққа жеткізсек, ертең Абай өзі туралы өзі сөйлейді дейді. Осылайша Абайдың тұлғасының, Абайдың шығармашылығының аман жетуіне, толыққанды бұзылмай, бүлінбей жетуіне тікелей еңбек сіңірген адам осы – Қайым Мұхамедханов. «Абайдың әдеби мектебі» диссертациясын 10 жыл жазды, оны батыл қорғады. Бірақ Әуезов пен Мұхамедхановты айыптау тоқтамады. Қайым Мұхамедханов: «Мынау диссертация контрреволюцион-ный, школа дейтін жоқ. Бізде марксизм дейтін школа бар. Мынау Мұхтардың ойдан шығарып жүргені, мынау Мұхамедханов Мұхтардың құйыршығы, бәлен-түген, өзін мақтау үшін тауып алған адамы, мұнда пантюкризм толып тұрған, панисламизм, национализм құдай сақтасын… Енді Мұхтар баяндамасын жасап жатыр, мен сөйлеп жатырмын, біздің сөзімізді ешкім тыңдамайды, газеттер ылғи бізді жамандап, ұлтшылдар мойындамай жатыр. Сосын мені апарды да жапты түрмеге, … көрмегенім жоқ, горячий камера дей ме, неше түрлі қорлықтың бәрін көрсетеді ғой. «Мойында, Әуезовты айтып бер, сені арам жолға салған сол». Мен айтқам жоқ, мойындағам жоқ. Ату жазасы смертний казнь отменяется, соған байланысты соттағанда 25 жыл түрме берді» Ыстық және суық камера, тырнақ астына ине тығу, басқа су тамызу, моральдық қысым және өлім жазасымен қорқыту Қайымның ерік-жігерін сындыра алмады. Ұларбек Нұрғалымұлы: Түрмеде жатқанда айтатын сөзі бар ғой, бала-шағаң бар жассың ғой деп қасындағылар, сол кезде айтады «қазақты Абайдан айыру қаншалықты қиын екенін мен де, сіз де білмейсіз. Бірақ мен сеземін ол өте ауыр болады. Ондай үлкен, ұлы істің жолында бір адамның итжеккенге айдалып немесе атылып кетуі түк те емес» дейді. Ол 4 жылдан кейін абақтыдан ақталып шықты. Мұрат Есжан: Қайым Мұхамедхановтың сөзі бар, мен бұл нәрсені тіпті Әуезов үшін емес, Абай үшін жасадым. Ал Абай құрыса, ұлт құриды дейді. Сондықтан осындай ұлт үшін, ұстаз үшін де

Похожие видео

Показать еще