Барсадан обал ма? Холанд ұшуды үйренді. Поттер сәтсіз бастады #29 HD
SOQQY - промокоды арқылы бонусқа ие болыңыз. Әлімжан Асқар, Бексұлтан Кеулімқосов және Абылай Болатбекұлы SOQQY Telegram: https://t.me/soqqyjanegoal Бізді іздесеңіздер: https://instagram.com/alimjanasqar https://vk.com/beksultan000 https://www.youtube.com/c/TARAZFIFA Соққы және гол! #29 УЕФА чемпиондар Лигасының 2-ші турындағы матчтарына шолу жасадық. Хосеп Гвардиола жаттықтыратын "Манчестер Сити" екінші тур аясында Дортмундтың "Боруссиясын" қабылдады. "Этихад" стадионындағы матчта есепті немістер ашты. Джуд Беллингем 56-минутта дортмундтық жанкүйерлердің төбесін көкке жеткізді. Алайда жанкүйерлердің қуанышы ұзаққа созылмады. Негізгі уақыттың аяқталуына 10 минут қалғанда Джон Стоунз таразы басын теңестірсе, Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд 84-минутта бұрынғы командасының қақпасына гол соқты. Қорытынды есеп 2:1. Осы жеңісінен кейін "Манчестер Сити" 6 ұпаймен көш басына шықты. "Боруссия" 3 ұпаймен екінші сатыға жайғасты. "Копенгаген" мен "Севилья" тең түсіп, турнирдегі алғашқы ұпайларын олжалады. Ал "Ювентус" өз алаңында "Бенфикаға" ұтылды. "Альянц Аренадағы" матчта португалиялықтар камбэк жасады. Себебі ойынның 4-минутында Аркадиуш Милик есеп ашты. Тек 43-минутта Жоау Мариу пенальтиде таразы басын теңестірсе, 55-минутта Давид Мерес "бүркіттерге" жеңіс сыйлады. Еске салайық, Антонио Конте шәкірттері бірінші турда қонақта ПСЖ командасына (2:1) есе жіберген еді. Енді Н тобында ПСЖ 6 ұпаймен көш бастап тұрса, "Бенфика" да 6 ұпаймен екінші келеді. Әзірге "Ювентус" пен Хайфаның "Маккабиінде" ұпай жоқ. «ПСЖ» командасының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси болса, израильдік «Маккаби Хайфаның» қақпасын дәл көздеп, турнирдің кезекті рекордын жаңартты. Месси Чемпиондар лигасында 39 түрлі командаға гол соққан алғашқы футболшы атанды. Осы ойынға дейін Лионель Месси мен шабуылшы Криштиану Роналдудың әрқайсысы 38 түрлі команданың қақпасынан саңылау тапқан еді. Сонымен қатар аргентиналық шабуылшы Чемпиондар лигасында 18 маусым бойы гол соғып, «Реал Мадрид» шабуылшысы Карим Бенземаның рекордын жаңартты (17 маусым бойы). Ал «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында 16 маусым қатарынан гол соққан екен.
Похожие видео
Показать еще