«Баға бақылаусыз қалды». Қазақстанда аяқ-киім бағасы шарықтап барады HD

24.09.2021
Қазақстанда аяқ киімнің бағасы күннен-күнге шарықтап барады. Кәсіпкерлер бұған түрлі себептерді келтіріп отыр. Дегенмен қарашадан бастап тауарларды таңбалап, әр аяқ киімді ресми тіркеп елге кіргізу аяқ киім бағасын екі есе шарықтатады дейді. Бірақ бақылаусыз баға айналып келгенде қара халықтың қалтасын қағатынын сөзсіз. Қарапайым азаматтарымызға тиімсіз өзгерістер кімге керек? АБАЙ НҰРЖАНҰЛЫ, тілші: – Қызылордада аяқ киім бағасының аспандағаны сонша, тіпті тұрғындар соңғы келген тауарларды сатып алуға шамамыз келмейді дейді. Әсіресе, балалар аяқ киімі қымбат. Соның кесірінен бір аяқ киімді тоздырмай киюге тырысамыз дейді. Тұрғындар дәл қазір бақылаусыз қалған базар бағасының өзіне көңілдері толмайды. Ал аяқ киім сататын дүкендер мен дүңгіршектердегі тауарларды сатып алуға көбінің қолы жете бермейтіні анық дейді халық. МАХАББАТ НҰРЖАНҚЫЗЫ, тілші: – Ал Ақтаудағы кәсіпкерлер аяқ киімді таңбалау тауардың қымбаттауына тікелей әсер ететінін айтады. Шетелден алынатын тауарлардың көбінде сертификат жоқ, арзан өнімді заңсыз тасып, кәсіп жасап отырғандар енді бұл бизнестен нәпақа таба алмаймыз дейді. Өйткені, бұдан былай тауар таңбаланып, шеттен келетін аяқ киімнің әрқайсысы ресми тіркелмек. Ал кедендік салық міндеттемелері тауардың құнына қосылатыны сөзсіз дейді кәсіпкерлер. Шетелдің өнімін әкеліп сатып отырған кәсіпкерлер "онсыз да кеден салығын төлейміз, таңбалау шағын бизнеске үлкен күш салады" деп отыр. Дегенмен әлемдік брендтерді сататын дүкен иелері таңбалау бағаға әсер етпеуі мүмкін дейді. Өйткені олардың былғарыдан жасалған өнімдерінің бағасы онсыз да арзан емес. ЗҰЛҚАРНАЙ ЕРМҰРАТҰЛЫ, тілші: – Иә, Павлоларда да қыстық етіктердің бағасы күн санап көтеріліп жатыр. Қазір дүкен сөрелеріндегі ер адамдар киетін ең арзан етіктердің бағасы 23-25 мың теңгеден басталады. Былғары етіктің ең төменгі бағасы 33 мың теңге. Бұл базардағы баға. Ал, әйелдердің етіктері бұдан да қымбат. Сатушылар бағаның көтерілгенін доллар құнымен, әрі биылдан бастап енгізілгелі жатқан цифлық таңбалаумен байланыстырып отыр. БЕКЖІГІТ ТӨЛЕНБАЕВ, сатушы: – Разница бар. Былтырғыдан 10-15 пайызға өсіп жатыр. Енді доллар, еуро өсіп жатыр. Содан кейін бізге де әсер етеді ғой. Сонымен қатар, балалардың аяқ киімдерінің де бағасы шарықтап тұр. Дүкен сөрелеріндегі брэндтер сапалы болғанымен, құны қалтаны қағады. Сатушылар қыстың қақаған аязында баға бұдан да өседі дейді. Зұлқарнай Ермұратұлы, Махаббат Нұржанқызы, Абай Нұржанұлы Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #қымбатшылық #баға #аяқ_киім #нарық #экономика

Похожие видео

Показать еще