Шымкент іргесіндегі ауыл тұрғындары әлі қар ерітіп, су ішіп отыр HD

12.01.2021
Шымкентте қарды ерітіп, суын ішіп отырмыз деген Қарабастау ауылының тұрғындары қала әкімінің шығуын талап етіп, әкімдікке баса-көктеп кірді. Шағым берген жұрт көшіп келгендеріне жылдар өтсе де, биліктің баспаналарына инфрақұрылым кіргізбегеніне наразы. Ал өздері орнатқан бағана жел тұрса құлап жатқанын айтады. Газ баллон пайдаланғандар жарылыстан көз ашпай отырмыз деп ашынып отыр. Қарабастау ауылының жаңа құрылыс аймағында жүз үйден астам отбасы бар. Халық жекенің қауқарсыз жарығынан да, ауыз суды сатып алудан да шаршадық деп отыр. Ал газ баллон пайдаланғандар жанымызды шүберекке түйіп отырамыз дейді. Өйткені биылдың өзінде екі жарылыс болып, бір үй қирап қалғанын айтады. ГҮЛӘСЕЛ ТІЛЕУҚАБЫЛОВА, Шымкент қаласының тұрғыны: – Алдыңғы күні мына үй жарылды. Алты қызымен қазір көшеде жатыр. Вагонның ішінде жатыр. Одан алдын он күндей болды менің үйім жарылды. Екі қызым үйде қалады күні бойы. От жақпағанда қайда барамыз, мұздай тамда көрпенің арасында отырады. Енді бірі былтыр қыркүйекте әкім қабылдауында болғанын айтады. Тиісті басқармаларға тапсырма берілген. Алайда нәтиже жоқ дейді. Халық өздері жоба дайындапты, алайда шығын тым көп деген көрінеді. ГҮЛНҰР БАЛАБАСОВА, Шымкент қаласының тұрғыны: – Қар ерімесе екен деп тілеп отырады осы жерде. Соны қолданып жатыр шынын айтқанда. Жарық ұзаққа созылады. Сондықтан әзірге екі ай шамасында уақытша сапалы жарықты шешеміз деді мамандар. Ал судың тек жобалауының өзі жылдың соңына дейін баратын көрінеді. Газ кішкене кешеуілдеуі мүмкін екен. Мәселесінің үшеуін де алдымен жоспарлаймыз, қаржы есептеледі, артынша құрылысын бастаймыз дейді. НҰРЛАН ЖАМАНКӨЗ, Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары: – Жеті, не сегіз елдімекенге апз дайындап, қаржы сұрадық. Бүгінгі таңда сол қаржыны бізге қолдады. Мердігер анықталып, жобалау жұмыстарын биыл аяқтаймыз. Жарыққа 860 миллион теңге қаралады деді. Алайда оны игеріп, толық құрылыс қабылданбайынша, жарық та қосылмайтын көрінеді. Сондықтан мамандар уақытша жекенің трансформаторын пайдаланып, екі айда қуатты жарық береміз деп уәде етті. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #басты_жаңалықтар

Похожие видео

Показать еще