Қызанақ пен қиярдың бағасы неге қымбат? HD
Қыс ортасынан ауа ірі қалалардағы дүкендер мен базарларда қияр мен қызанақтың бағасы шарықтап кетеді. Қыстың күні көкөністің көбін тұтынушыларға жеткізетін – Оңтүстік Қазақстан облысындағы жылыжайлар. Бүгін солардың бірін аралап көрген ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков осы мәселенің түп-төркінін анықтауға тырысты. Мәселен, мына жылыжай былтыр қиярдың бір келісін орташа есеппен 180 теңгеден саудалаған. Дәл қазір келісін 400-420 теңгеден сатып жатыр. Астанаға дейін жеткенше әр келісіне 20 теңге жол шығыны қосылады. Арада алып-сатарлар тағы бар. Елордаға жеткенше бағаның біраз шарықтайтыны айтпаса да түсінікті. Ал көктем шыға баға біршама түседі. Өйткені өңірдегі мың гектардан астатын жылыжайдағы қияр мен қызанақ жаппай пісе бастайды. Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі -Арадағы делдалдардың болуы, сауданың дамымағандығы, логистиканың дамымағандығы біздің тауар өндірушілерге де және қаланың тұтынушыларына да үлкен зиян әкеліп отыр. Сондықтан ауылшаруашылығын дамыту мәселелерін айтқан кезде біз кешенді түрде қарауымыз керек.
Похожие видео
Показать еще