Алматыда барлық емдеу мекемелерін қамтитын медициналық-ақпараттық жүйе іске қосылады HD

04.01.2018
Қалалық кардиологиялық орталықта болған Мәжіліс депутаттары осындай ақпаратпен бөлісті. Жалпы емхана мен ауруханаларды ортақ ақпараттық жүйеге қосу бастамасы 15 жыл бұрын қолға алынған. Осы уақыт аралығында атқарылған іс-шараға бюджеттен 9 миллиард теңге жұмсалыпты. Ел бойынша бұл ауқымды жұмыс екі жылдан кейін аяқталуы тиіс. Кардиологиялық орталықтың жұмысымен танысқан депутаттар елімізде жүрек-қан тамырларына жасалатын операциялар жылдан жылға артып келе жатқанын айтты. Он жыл бұрын жүрекке 40-тан астам күрделі операция жасалса, қазір тек Алматыдағы орталықтың өзінде жылына 600 операция жасалады. Гүлмира Исимбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары: – Республика және қала бойынша ауруханалардың бір-бірімен байланыстары болу керек. Дер кезінде мағлұмат беру керек. Сонда тиісті шараны жедел көрсетуге толық мүмкіндік болады. Және науқастың өмір жасын ұзартуға мүмкіндік туғызады.

Похожие видео