2021-2022 оқу жылына арналған әдістемелік-нұсқаулық хат туралы | Ғани Бектайұлы | БҒМ
2021-2022 оқу жылына арналған ӘНХ-ға хат https://goo.su/73NC Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Президенті Ғани Бейсембаев 2021-2022 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік хатқа қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді. Әдістемелік-нұсқаулық хат – ұстаздарға көмекші құрал ретінде дайындалатын құжат. Оны академияның ғалымдары, практик-мұғалімдер, білім саласының сарапшы мамандары бірлесіп әзірлейді. Әдістемелік-нұсқаулық хатта биылғы оқу жылының басты жаңалықтары 3 бағытта көрсетілді. Олар: балалардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру, оқушылардың денсаулығын жақсарту мен нығайту және әлеуметтену мәселелері. Зерттеулер бойынша еліміздегі мектептердің 40-50%-ында әдеттегі қоңыраудың орнына күй қойылып келген. Қоңырауды күймен алмастыру жаңалық емес. Мамандар тек оны жүйелеу бойынша ұсыныс жасады. «Ханым» мен «мырза» деген қаратпа сөзі тек мектеп мұғалімдерінің бір бірімен қарым қатынасына қатысты ұсыныс. Бұл өз кезегінде педагогтер арасында бір-біріне деген үлкен құрметті қалыптастыруға бағытталған қарым-қатынастың құралы ретінде қолдануға берілген ұсыныс. Алдағы уақытта аталған ұсыныстар тамыз кеңесінде ұстаздар арасында кеңінен талқыланатын болады. Әлеуметтік желілерде мұғалімдердің дене бітіміне қатысты ақпарат әдістемелік-нұсқаулық хатта көрсетілген деген фейк хабарламалар жүр. Бұл – жалған ақпарат. ©ҚР БҒМ