Дипломаттың өліміне кім кінәлі? HD

18.12.2019
Еламан Жолдасовтың туыстары Каирде қайтыс болған дипломаттың өз-өзіне қол салуы мүмкін емес дейді. Қазір Шымкентте тұратын туған ағасы Нұрланның үйіне жақындары жиналып, көңіл айтып жатыр. «Еламанды 12 желтоқсан күні кешкі сағат 10-дар шамасында өздерін кәсіпкер ретінде таныстырған азаматтар алып кеткен. Олар жергілікті арабтар. Әйелі Айнұрға келісім-шарттарға қол қоямыз деп айтқан. Содан қайтып оралмаған, телефон номері өшірулі болған. Келесі күні ерте әйелі есікті ашқан сәтте басы қан болып жатқан Еламанды көрген. Оның соққыға жығылып, адам қолынан қаза тапқаны анық екенін айтып отыр», - дейді марқұмның жеңгесі Нәзипа Өсербаева Айта кетейік, Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасов Каирде жұмбақ жағдайда қайтыс болды https://azattyq-ruhy.kz/politics/2529-elaman-zholdasov-investormen-kezdesuge-baryp-kaza-tapkan-derekkoz #ЕламанЖолдасов #Египет #азаттықрухы

Похожие видео

Показать еще