Алаш Орда - Ұлттық идея және дін мәселелері (1 секция) HD

06.12.2017
2017 жылдың 22 қарашасы күні ҚР Ұлттық кітапханасында Елбасының "Болашаққа баңдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында, "Алаш Орда" үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай "Алаш Орда - Ұлттық идея және дін мәселелері" атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. (1 секция) Конференцияның мақсаты – Шоқан Уәлиханов, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев бастап Әлихан, Міржақып, Ахмет тәрізді Алаш қайраткерлерінің ұлттық идея және дін мәселелері жайындағы ой-толғамдарын ортаға салу, ғалымдардың қатысуымен талқылау. Алаштықтар ұлттық идея, ұлттық құндылықтар арқылы қазақты оятып, ұлттық мемлекет құру мәселесін қойды, әлемдік өркениетке кірігудің жолдары мен шарттарын қарастырды. Олар жастардың тарихы мен тамырын терең біліп, сапалы білім алып, кәсіп игеріп, бай-бақуатты болуын аңсады. Сол өзекті мәселелер арада бір ғасыр уақыт өтсе де сол қалпында маңызды болып қалып отыр. Баяндамашылар: 1. Қабдол Ауезов - Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының тарих және археология бөлімінің басшысы (Патша үкіметінің отарлау саясатындағы дін мәселесі) 2. Шайзада Тоқтабаева - тарих ғылымының докторы, профессор, этнограф (Шоқан Уәлиханов жазбаларындағы салт-дәстүр мен дін мәселелері) 3. Аманқос Мектептегі - филология ғылымының докторы, алаштанушы (Ахмет Байтұрсынұлының ғылымдағы ұстанымы)

Похожие видео

Показать еще