Сүйелге қарсы екпеден кейін 2 қыз жансақтау бөліміне түсті

13.10.2013
Павлодар облысында сүйел ісігінің вирусына қарсы егу жүргізгеннен кейін 2 қыз жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Оқиғаның анық-қанығы шамамен 5 аптадан кейін жарияланады. Себебі, Бүкіләлемлік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің мәліметі бойынша, мұндай жағдай әлемде 1-рет тіркеліп отыр. Оқиға Павлодар облысына қарасты Майқайың ауылындағы мектепте 3 қазан күні тіркелген. Екпе жүргізілгеннен кейін екі мектеп оқушысының жағдайы күрт нашарлап кеткен. 4 қазан күні таңертең екі қыз да ауруханаға жатқызылды. Кері әсердің себебін анықтау үшін Қазақстанның үздік мамандары мен Бүкіләлемлік денсаулық сақтау ұйымы өкілдері жұмылдырылған. Комиссия мүшелері Қазақстанда адам терісінің шырышты қабатына шығатын сүйел вирусына қарсы Гардафил мен Церварикс вакциналары қолданылады деп отыр. Аталған екпелер Нидерланды мен Бельгия мемлекеттерінде өндіріледі. Мамандар бұл дәрі қатаң бақылауда болғандықтан, оның сапасына сенім білдірген. Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА, ҚР Бас санитарлық дәрігері: - Қазір екпе жүргізілген сәттен бастап, барлық құжаттарды қарап жатырмыз. Мұндай жағдай халықаралық тәжірибеде болмаған. Біз оқиғаның себебін анықтауға күш салудамыз. Мелита ВУЙНОВИЧ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі: - Бұл екпе адам өміріне қауіпсіз. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы әлемнің барлық елдерімен жұмыс істейді. Әлемде 175 млн. дәрі елдерге таратылған. Подписывайтесь на «Хабар 24»: https://www.youtube.com/c/tv24kz Наш сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24

Похожие видео

Показать еще