Шымкентте ашынған Автонұр базарының саудагерлері жолды жауып тастады HD
Онсыз да қымбатшылықтан бас көтере алмай жатқанда ірі сауда орталықтары мен базарлардың сауда нүктелерін жалға алу құнын әдейі көтеріп жіберуі қастандық емей немене. Шымкенттегі Автонұр базарының кәсіпкерлері дәл осы мәселені айтып бүгін шу көтерді. Сөздерінше, сауда орнының әкімшілігі жалға алу құнын бірден 10 мың теңгеге қымбаттатпақшы. Карантиндік шектеулерден саудасы тоқтап, шығыны көбейген жұртшылық бұған қарсылық білдіріп, базар алдындағы жолды жауып тастады. Бұл жолы сатушылардың ашуы қатты. Жалға алу құнын көтеруге қарсылық білдірген олар, базар маңындағы көшені көлегейлеп жауып, көліктерді өткізбей қойды. Жұрттың айтуынша, базардағы әрбір орынды онсыз да сатып алады екен. Оған қоса, жалға алу құнын да өтейді. Бұл күзетшілердің жалақысы мен коммуналдық төлемдердің ақысына кіреді. Салығы тағы бар дейді олар. Кәсіпкерлер осылай титықтағанда, орын құнын қымбаттату - әділетсіздік дейді жұрт. ҚАЛДЫБАЙ САПАРХАНОВ, саудагер: – Біз 28 мың төлейміз. Бірақ бұл базар, олар да өкіметке сөйтіп төлесін, көрейін мен, сондай тарифпен! Кәсіпкерлер жалға алу құнын қымбаттатса, ол тауар бағасына да әсер етеді дейді. БЕКЖАН ШАМЕТОВ, саудагер: – Қымбатшылық неден болып жатыр дейді, вот именно осыдан боп жатыр. Бұл жердегі коммерсанттар құныққан, анау-мынау деген әңгіме боп жатыр. Ешкім құныққан жоқ. Бізге келіп тақайды, одан кейін біз де қоюға тырысамыз. Ол айналып кеп қара халықтың қалтасына түседі. Талабы орындалмайынша жолды жауып тастап, айтқанымыздан қайтпаймыз дегендерге базар басшылығы келіп, тыныштандыруға тырысты. ТАЛҒАТ АЙТБАЕВ, Базар әкімшілігінің өкілі: – Бағасына қатысты өз орнында қалды. Ол енді, жаңағы, қалай төлеп келген болсаңыздар, 4 жыл алдын төленген, белгіленген нәрсе, сол 4 жыл алдыңғымен қалды. Әрі қарай технический мәселелердің бәрі осы жерде шешеміз. Айта кету керек, биыл тура осындай мәселемен Шымкентте шу шыққан бұл- екінші базар. Бұндай байбаламнан соң, екі сауда орны да жалға алу құнын қымбаттату райынан қайтқан. Мақсат Жақсыбайұлы, Абай Қожагелдиев Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #Шымкент #АвтоНұр #наразылық #саудагерлер
Похожие видео
Показать еще