Елiм-Ай!!! Халык Анi.
http://www.youtube.com/channel/UCdzj9qeFyKizfAWA8q5E-GA Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Ел-жұртынан айырылған жаман екен, Екі көзден мөлтілдеп жас келеді. Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір жорға бос келеді. Қарындастан айырылған жаман екен, Екі көзден мөлтілдеп жас келеді. Қаратаудың басынан көш келеді, Түнде көшіп қонаға кеш келеді. Шұбырынды ақтабан жаман екен, Тағы да алда қай заман тұс келеді. Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын әр үйден ас келеді. Бір малтаны екі күн талшық еттік, Майын алған малта құрт тас келеді. Қаратаудың басынан көш келеді, Әр көш сайын ат пен нар бос келеді. Жұбын жазбай ауылдар бірге көшіп, Қиын жолда бір-бірін ес көреді. Адыра қалды Қаратау ата мүлкі, Елмен екен, малменен жердің көркі. Даңқы шыққан бірлікпен қазақ ұлы, Боп кетеміз қай жұртқа мазақ күлкі. Мынау заман қай заман қысқан заман, Басымыздан бақ құсы ұшқан заман. Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды, Қаңтардағы қақаған қыстан жаман. Мына заман қай заман бағы заман, Баяғыдай бола ма тағы заман. Бауырыңнан айырылған жаман екен, Күн бар ма екен көрісер есен-аман. Хан заманы қай заман мынау заман, Көздің жасы көп ағып бұлаулаған. Қамыс қиып ел едік шөп шаппаған, Бір пәлеге жолықтық ылаулаған. Қабырғама қара жер батты, құдай, Мұнша қысым қылдың ғой қатты құдай, Жаяу жүрсем табаным ауырады, Тым болмаса бермедің атты құдай. Туған жердің қия алмай тау мен тасын, Біз келеміз тия алмай көздің жасын. Не жазып ек жасаған таптатардай, Көрінгенге халқымның алтын басын. Арман етіп жазылмас жан жарасын, Атамекен тастадық кең даласын. Өз жеріңе сия алмай барғаныңда, Өгей елден қайран жұрт не табасың? Шықпай жатып бесіктен қайғы торып, Сарғалдақтай жаңбырсыз қалған солып. Қайда барсаң алдыңда Қорқыт көрі, Неге тудық бақытсыз халық болып. Қош аман бол кең жайлау өскен жерім, Қайтқан қаздай қалың ел көшкен жерім. Есіл қазақ есейіп ел бола алмай, Ит пен құсқа таланып өшкен жерім. Қатын-бала, бауырың жауда кетті, Қаратауды қатал жау ойран етті. Қайдасыңдар қазақтың батырлары, Жасақ бастап алсаңшы жаудан кекті. Артта қалды ақ орда сарайлары, Артын ойлап ағарар самайлары. Жүргенінде қаңғырып көп қазақтың Қалама алда көмусіз талайлары. Жібек еді желектің жиектері, Қалжыраса қалтырар иектері. Қазынасындай хандардың болған қазақ, Малға толған төрт түлік үйектері. Жібегі еді желектің жігіттері, Қалжыраса қалтырар иектері. Аш-жалаңаш шұбырып тозған қазақ, Қайсы жұртта қалады сүйектері. Тағдырына төңірдің көнбеймізбе, Дем сағатта дәм бітсе өлмеймізбе.
Похожие видео
Показать еще