ОРЫНБОРДЫ ҚАЙТАРЫП - ЕРДОҒАН БРАТАНҒА АЙТАМ! РЕСЕЙДІҢ ТОПАС ДЕПУТАТТАРЫ - БПЛА МЕН ШАБУЫЛ ЖАСАДЫ! HD
Бәріңізге Ассалаумағалейкум! ӘЖ-де отырып алып, бір апта онлайнда шуладық. Петропавл - біздің жер! Оның тарихи атауы - қызылжар болған. Сендер, Ресейдің топас депутаттары тариқты білмейсіңдер. Тарихты білсеңдер - осылай оттамас едіңдер» деп, смартфонды құшақтап алып, орысытар, біздің қазақ тілін түсінетіндей-ақ, жібердік-ау аттың басын. Сонымен, Ресей депутаттарының әңгімесіне, жауапты қатырып тұрып бердік. Енді, олар, бізге қарап ауыз аша алмайтын шығар? «Ойбай, мына қазақтар, шетінен тарихты жақсы біледі екен. Анау Петропавльді, біз сендерге сыйлық ретінде тарту еткенбіз, деп едік, олар ФБ-ке кірді де, посттармен шалагбауым қойып, жауып тастады. Біз - оларға ауыз аша алмайды екенбіз» деп, бастарын қасып отырған шығар, ә? Жоқ, Путинның үріген иттері, осымен тоқтамайды. Онлайн қарсылықты, осымен қою керек секілді. Қазақстанның ескі картасын көрсетіп, «анау да, мынау да - біздікі» деген әңгімелердің енді пайдасы да жоқ, артықтау. Көп қыртпай, қолымызда барымызға ие болайық. Соны қалай пайдаланып, игілікке жаратып, басқалардың «көз сұғынан» аман сақтап қаламыз, соны ойлайық? Негізі жерімізге ие болудың, көз алартқандарға жауап берудің әдемі жолы - технократтық елге айналу. Болашақ - осы салада. Басқа саланы көріп те жүрген жоқпыз. Осы туралы әлем таныған акедемик ағамыз - Асқар Жұмаділдаев жақсы айтып жүр. «Қазаққа ақын керек емес, технократ керек» деп, бір сөз айтқан екен, бәрі өре түрегелді. Кәдімгі басы бар да, аяғы жоқ базардағы дау-дамай. «Жау шаптылап» жүргендер де жоқ емес. Ал енді, Асқардың әлгі сөзін тарқатып айтып көрейік? Үйінде отырып, Американың есебін шығарған «бала» бәріне биіктен қарайды. Оooу, шаңсорғышты Жапониядан сатып алып жүрміз. Мұнайды қытайлар сатып алып жатыр. Олар өз компаниясында «бригадір» етіп, өзінің – қытайын қояды. Қазақ оқымаған, «техниканы» игере алмайды екен. Олар - қора сыпыру мен охраналыққа ғана жарайды екен. Міне, шетелдіктердің біз туралы ойы. Өлең сөз жазған, озық ойлыларымыздың түрі анау, 37-шы жылдан бастап әліге дейін, бірін-бірі «қара есекке теріс мінгізіп» келеді. Бұл – ұлттық характерімізге айналды десек өтірік емес. Асқар, осының бәрін көріп, жаны шырқырайды. «Бір 100 грамм болса, тағы бір өлең оқыр едім» деп, дәмететін ақындар ауылда тракторшы болып жүр. Сол өлең жазғыш ауылдағы ақындардың, бірімен болған диалогты ұсына кетейік: «Ақыным інім-ау, жүз гармыңды іштің, өзің не жұмыспен айналысасың?». «Ауылда тракторшымын». «Онда неге бос жүрсің?». «Трактор бұзылып тұр. Біздің ауылда трактор жөндейтін инженер жоқ» «інім, cен, Ауыл шаруашылығы институтына түс те, инженер бол. Ауылыңның жерін жыртып, егінін сал». «Өстіп, маған кім ақыл айтады. Сонан кейін ғой, ақындықпен айналысып, ішіп жүргенім» деп, ақынымыз ағынан жарылып тұр. Өзі араққа жарымай жүріп, халықты қалай тірбиелейді. Бізді қалай өркениетті ұлтқа айналдырады? Асқар ағамыз, бәріне биіктен қарап отыр. Мойнына галстук тағып, кішігірім шенеунік боп, өлең жазғандар “мемлекеттік сыйлық ала алмадым” деп опынып жүреді. «Ақындар емес, технократт