РҗлмаРұРөРә00251] Қобда өзен. Цэнгэлдегі ағаш көпірді тамашалау.

04.05.2013
Қобда өзені Цэнгэл сұмынының территориясынан,оңтүстік батысынан бас алады.Басы Цэнгэлге дейін 150 - 180 шақырымды алады.Ең жоғарғы бастары Қорымдық басы,Ақсудың ішінен жоғарғы басы,Ақсудың арасанының басындағы көк(жасыл)көлден басталады.Қорымдықтың суы Сырғалының Қозыкөліне оң түстік батыс басынан құяды.Ақсудың өзені мен Арасан суы қосылып келіп тағы да Сырғалының Қозыкөліне сол түстік басынан құяды.Сырғалының Қозыкөліне Ұзын көйтеннің суы Шыбарқарағайдаң бір бүйірінен құяды.Теріскейінде Елікті,Құлынембес,Қом,Сом т.б көптеген даралардың ұсақ бұлақтарымен сулары құяды.Қозы көлден шыққан өзен Қобда өзені болып 1,5 - 2 шақырымдай ағып келіп,сырғалының тұсынан Бірқазан(Хотон) көліне құяды да,одан шығып Қобда өзен болып Қобда іші шатқалымен ағып отырып Цэнгэл сұмынынан шығып 15 шақырымдай жайдақ,ашық жермен ағып барып Бота мойын шатына кіреді.Бота мойын шатына таяғанда Ақголдың жеті өткелінің аяқ жақ ағысы тұсынан Сарыкөлдің мойынынан сол түстік батысынан Ақгол(Цагаан гол,қазақшасы Ақ су) өзені қосылады.Ақгол өзені аппақ болып ағады,Бесбоғдадан бастау алады.Екі өзеннің қосылған жері таудың биігінен қарағанда сүт қосқан көк шай өңдес болып бір тамаша көрініс тудырады.Осы арадан күшті екпін алып,жұлқи ағып Улаанхусқа қарасты Қара қабақтан шығып жайдақ жазықпен ағып отырып Сагсай сұмынының аяғы Бөкен шатына кіреді.Аяғы Өлгий қаласынан шығып Бұғының шатына кіреді.Осылай ол 480 (кейде 570 - тей деп те айтады)шақырымдай Қобда өзені болып ағып отырып Қобда аймағының Қара су ( хар ус нуур) көліне құяды.Қара су көліне Мұңғылдың батысынан өте көп өзен құяды.Одан шыққан өзен Байкал(Байгал) көліне құяды.Осы Қобда өзенінің өне бойы көпірге толы.Ең басында Ақсу өзенінде Ақсудың аузында мал,жеңіл көлік өтетін,жергілікті жер маңызы бар тішке ағаш көпір салынған.Екі көлдің ортасында (Қозы көл мен Бірқазан көлінің арасындағы Қобда өзенінен )дәл жоғарыдағыдай ағаш көпір салыныпты.жыланды өзенімен Қобда өзенінің қосылған жерінде Баянжүректің оңтүстік терскейінен түйілісінен Жыландының өпірі (Қобда ішінің көпірі) аталатын мемлекеттік дәрежедегі бетон көпір бар.Мынау да мемлекеттік бюджеттен қаражаты бөлінген жергілікті жер маңызы бар үлкен ағаш көпір екен.Оське түсетін салмағы да көңіл көншітерліктей.Сол көпірден құрлысы бітпей жатып машина,мотоциклдер өтіп жатыр екен.Солқылдап тербеледі.Біз соны тамашалап жүрміз.

Похожие видео

Показать еще