Уақытқа тәуелді тағдырлар

20.03.2014
Өлең авторы -- Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы -- Bandari -- Princess of the moon Бейнематериал авторы -- Арайлым Сайранканова Өңдеген -- Бақытжан Бекмұхаммедұлы Келмей жатып, дүниеге, Ауыр болды, тағдыры. Болмады ешкімге керегі. Ана үшін болды, бұл қайғы, Сәбидің, жоқ еді кінәсі, Ауадан, тамақтан уланған. Қайдағы денсаулық, анасы, Мың ауырып, қиналып босанған. Айтпаушы ма еды, атамыз, Бір қозы туса, шөп шығар. Бұл бала, біздің жанымыз, Ырысы, қайтып бұйырар? Неліктен, ана, жылайды? Жан -- жақтан, көмек сұрайды. Өгейлік, ызғар, болмайды, Бұл сәби елін, жалғайды. Өлшеніп жатыр, өмірі, Тіреліп бүгін, ақшаға. Болмады --ау, ана көңілі, Жаутаңдап, қарап баршаға. Тағдыры, кетті таяқтап, Жылатып бүгін, ананы. Кеткендей, жардан ол құлап, Қыл үсті болды, бұл жаны. Болды ма елі, қауқарсыз, Көп байлық бар деп, мақтанған. Уайымда қалды -- ау, ол жалғыз, Ұйқысыз, таңдар атырған. Шыдамай кетті, жолдасы, Өз қанын, жанын аямай. Шырылдап, қалды, анасы, Тәубе деп, күшін аянбай. Ең қымбат, өмір емес пе? Бауыр ет бала, жыласа. Бұл елі оған, керек пе? Денсаулық, онда болмаса. Мүгедек болған, сәбилер, Алладан келген, періште. Жазылып әлі, ол кетер, Мейрімдік болса, жүректе.

Похожие видео

Показать еще