Шыдамның да шегі бар HD

29.04.2022
Бүгін Талғар ауданына қарасты Панфилов ауылдық ауруханасының ақ халаттылары халықпен бірге мекеменің алдына жиналып, басшылыққа талап қойды. Дәрігерлер екі жыл бұрын мемлекеттік жекеменшіктің басқаруына өткен мекеменің толықтай мемлекетке қайтарылғанын қалайды. Бұдан бөлек, аурухана қызметкерлері жалдамалы нысандағы қазіргі жұмыс орындары санитарлық талаптарға сай еместігін айтып дабыл қақты. Ал, жөндеу жұмыстары бір ай бұрын аяқталған ғимаратқа басшылық неге екені білгісіз көшірмей отыр дейді. Талғар ауданына қарасты Панфилов ауылдық ауруханасының медицина қызметкерлері уақытша көшірілген ғимаратта үш жыл бойы халыққа қызмет көрсетіп келеді. Бұған көңілдері толмайтын ақ халаттылар қазіргі жұмыс орнымызда тұрғындарға сапалы ем жасау мүмкін емес дейді. Өйткені бір бөлмесінде отыратын он дәрігер науқастарды да осы жерде қабылдайды. Ал төрт төсек қойылған бұл бөлме күндізгі стационар. Ем жүргізу дегені болмаса, мамандар бұл бөлменің бір бұрышында адам қабылдап, қан алады. Ал тар бөлмеде бір уақытта бірнеше науқас қабылдау мүмкін емес деген дәрігерлердің шыдамдары таусылған. Сондықтан жөндеуден өткен ғимаратқа көшірсін деп талап қойып отыр. АҚБОТА ТӘҢІРБЕРГЕНОВА, дәрігер: – Бүкіләлемдік ковид кезінде уақытша көшіріліп отырмыз ғой, 2 жарым жылдай болды. Енді бәрі тынышталып, жақсы кезде ауыссақ па, жақсы жерде отырып, халыққа қызметімізді көрсетсек пе деген ой. Мекеме 2020 жылдың ақпан айында мемлекеттік жекеменшік серіктестік басқаруына өткен. Содан бері жалақымыз да көтерілмеді деген мамандар сыйақы-үстемақы туралы мүлде ұмыттық дейді. АҚБОТА БОЛАТБАЙҚЫЗЫ, фельдшер: - Осы А класс медикалға келгелі зарплатамыз да көтерілген жоқ, барлық жерде көтеріліп жатыр, медбикелердің, медицина қызметкерлерінің жалақысы бізде көтерілген жоқ....Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлына өзімнің үндеуімді жолдаймын. Бізді қайтадан мемлекеттің қамқорлығына алсын деймін. Тұрғындардың алғысын алудың орнына қарғысына қалудан шаршадық» деген 120 шақты адамнан құралған ұжым басшылықтың уәделеріне әбден тойған. Сол себепті мекеме мемлекет меншігіне қайтсын деген талап қойды. Аудандық бас дәрігердің айтуынша, Талғар ауданындағы ауруханалардың амбулаторлық бөлімдері 15 жылға сатып алу құқығынсыз сенімді басқаруға берілген екен. Ал былтыр қазанда жөндеу жұмыстары басталған аурухана тұрғындарды қабылдауға толығымен дайын. ХАСЕН ДАСИБЕКОВ, Талғар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері: – Жөндеу жүргізілген аурухана алда келе жатқан мерекелер өткен соң ашылады. Ертең қосымша жуып-шаю жұмыстары жүргізіледі. Аурухана 100 пайыз дайын... Ақ халаттылардың кәсіби мерекесіне орай үстемақы төлеу қарастырылып жатыр. Ал пациенттерді қабылдауға дайын деген ауруханадағы кабинеттердің сыртында атаулары жазылғанымен, ішінде үстел-орындықтары жоқ. Үшінші мамырдан бастап аурухана ашылады деген бас дәрігер жиһаз, оған қоса интернеттің тартылуын күтіп отыр екен. Ал дәрігерлер мұны тек уақыт созу үшін айтылған сылтау деп біледі. . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.

Похожие видео

Показать еще