Qağba işi qarap tamaşalanızdar HD

12.02.2017
МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ «МИҒРАЖ» ДАСТАНЫ (ЕКІНШІ НҰСҚА) Бисмилла — Хақтың аты, сөздің басы, Кәріптің, естісе ағар, көздің жасы. Миғражын ан хазіретінің өлең қылып, Сөйлеген Мәшһүр Жүсіп хикаясы [515]. Құдайым жарылқай ма, көптен, аздан?! Ойым бар, келсе күшім, қағба қажыдан. Қанша сөз, бәрін жазып, тауыса алман [516], Азырақ сөз сөйлейін Миғраждан... Расулат, набуат — қырық та келді. Өтіпті бұл ортада бір жыл енді. Айтарға сырын бір күн жан таба алмай, Күндерде бір күн тұрып бүгілді енді. Басына, кейін қалған, қайта бардым, Келгенде осы жерге демімді алдым. Қаламды қолыма алып: «Жазайын!» — деп [517], Кеңестің екпінімен кетіп қалдым. Өш болып, Әбужаһил оқпен атты, Кәпірлер ренжітеді Мұхаммедті. «Сырымды кімге айтамын іштегі?» — деп, Қасына Қатым (хадим) диуар келіп жатты. «Айтамын мен мұңымды кімге енді? Таппадым халал кісі, халал дінді!». Таянып уақыты Құптан болған шақта, Періште ол Жебірейіл жетіп келді: — Иа, Мұхаммед, Құдайың айтты сәлем, Жіберді пырақ пенен шола саған [518]. Өзіменен: «Мұңдасып, сырлассын»! — деп, — Сол достым: «Болсын, — дейді, — қонақ маған!». — Кеудем жарып, жүрегім суырып алды, Бір алтын легенге соны салды. Легеннің іші толған ғылым, хикмет, Тазалап, өз орнына қайта салды. Алдыма менің келіп пырақ түсті, — Мінем! — дедім, шегініп, бойын қысты. Жебірейіл — Жай түр! — дейді, тұрдым, міндім, Жөнелді мені құстай алып ұшты. Сол жерге көзі түскен басқан аяқ, Оңымнан шықты дауыс жақын таяп. Солымнан бір шыңғырған дауыс шықты, Қайрылмай, жүре бердім [519] қарамай-ақ. Алдымнан жетіп келді бір келіншек: — Жібермес едік, — дейді, — сені білсек. — Шаршайсың, ол жолменен жүрме, — дейді. Болмадым, тілін алып, мен еріншек. Тыңдамай оның сөзін жүре бердім, Алдымда Жебірейіл бар, соған ердім. Міндім: «Бисмилла!» — деп [520], кеш, ерте ме, Алдына мешіт Ақса жетіп келдім. Пырақты байлай тастап, үйге кірдім, Ішіне Құдыс Шариф сәлем бердім. — Әлгі келе жатқанда дауыстаған, Оңымнан, һәм солымнан ол кім? — дедім. — Дауысқа оңнан келген қайрылмадың, Үмбеттен, бәрекелді, айрылмадың! Қарасаң, үмбетің жөһит болар еді, Қайрылып, оның көңілін жай қылмадың! Солдан келген дауысты қылайын кеп, Қолдады осы жолы Құдайың көп. Егер сен мойын бұрсаң ол дауысқа, Үмбетің қалар еді насырани боп. — Әкелді екі кесе маған шарап, Шараптың біреуі — сүт, біреуі — арақ (ғарақ). Сүтті іштім сол уақытта, арақты ішпей, Түсіне екеуінің қарап-қарап. — Сүтті іштің, бәрекелді, тәуір танып, Тозаққа күймес енді үмбет жанып. A [pa] қты ішсең, үмбетің ғасы болып, Махшарда жүрер еді жазаланып. Құдысқа тамам аруақ [521] бәрі келді, Әнбие, Мүрсәл, Нәби және келді. «Бұл не түн қадір түн бе, барат па», Сәруай екі ғалам ханы келді. Алдынан сәлем айлап келді [522] бәрі, Бұрынғы өтіп кеткен Мүрсал нәби. Сол жерде екі ракот намаз оқып, Бәрінің тақсыр Расул болды имамы. Бәрінен бұрын келген [523]: ислам мен дін, Жеті көк, жұмақ, тамұқ ғыфите замин Харамнан ол Ақсаға барған жерін Нанбасаң, көрсетейін аятпен мен. О

Похожие видео

Показать еще