Н мен Ң дыбыстарын ажырату.
Н мен Ң бір-біріне ұқсас дыбыстар. Кей адамдар, балалар Ң дыбысын айта алмайды. Яғни, “Н” дыбысын да, “Ң” дыбысын да -Н деп айтады. Дыбыстарды айтқан кезде, оның қалай жасалғанына, ауаның ауыз қуысынан қалай шыққанына мән беріңіз. Мәселен, “н” дыбысын айтып, оны дыбыстағанда, ауыз қуысын сипаттаңыз. Яғни, тілдің ұшы тіске тиеді. Ал енді “ң” -ды айтып көріңіз. Тіл кері шегінеді. Дыбыстардың жасалуының өзінде үлкен айырмашылық бар. Дыбыстарды жеке-жеке тағы да қайталап көріңіздер. Сәттілік!✊ Сөздер: аң-аңшы, жаңа-жаңалық. Логопед-дефектолог: Роза Мұратқызы