"Қ-Ғ дыбыстарын ажырату" HD
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың “Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауында “Орта мектеп пен колледждер жəне жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының ВИДЕОСАБАҚТАРЫ МЕН ВИДЕОЛЕКЦИЯЛАРЫН Интернетте орналастыру керек” - деген тапсырмасын жүзеге асыру аясында мұғалімдер үшін əзірленген əдістемелік бейне сабақ. Мұғалім: Байтохина Жанаргуль Турмагамбетовна №60 жалпы білім беретін орта мектеп логопед мұғалімі. Класс: 1 «А», «З», «М» Сабақтың тақырыбы: "Қ-Ғ дыбыстарын ажырату" Сабақтың мақсаты: Коррекциялық білімділігі: 1. Қ-Ғ дыбыстарының айтылуы мен артикуляциясын салыстыру жəне нақтылау. 2.Қ-Ғ дыбыстарын буындарда, сөздерде, сөйлемдерде сұрақтарға жауап беру арқылы анық, дұрыс айтуға, ажыратуға үйрету. 3. Сөздердегі дыбыстарды анық айтуға үйретіп, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту. Сабақта қолданылған көрнекі құралдар: дыбыстардың артикуляциялық кескіндері, айна, суреттер, үлестірмелі материалдар.