AQYN - TOLGAU [ Қазақтың зары ] HD
Ықылас Тұрсынбек [ Ресми парақша ] - https://vk.com/aqynnews Instagram: https://www.instagram.com/yqylas_tursynbek Facebook: https://www.facebook.com/yqylas.tursynbek Vk: https://vk.com/yqylas_tursynbek Мәтіні: Ғасырдан ғасырға көшкен елім, Шайқастан шайқалып кеш келеді. Халқынан қаптаған көк түркінің, Даңқынан дұшпаны сескенеді. Асығы алшыдан түскен еді, Асылы ашынған бос кеменің. Қызының жаулығы қолды болып, Ұлының белдігі бос келеді. Лап етіп шырпы, бұзылды шырқы. Азапты күн кешті алаштың жұрты. Көшіңді бұзба, ей қазақ ұлты ! Көш басы қара нар, Қара нарға қараған, Қаптаған қара қазақ, Қап-қара, қара қазан, Қамы қара баланың, Кезіп қиыр даланы, Тас тіліп табанын, Ей руxы бабаның, Қолда, қолда, қолда ! Ұрпағыңның жолын оңғар. Жан-жақта жау толған, Тұзақпен ау құрған, Бітпейтін дау қылған, Баһадүр xалқыңнан. Жер үшін жан құрбан, Таймаймын антымнан. Асты айдаxар, үсті аю, Мен арыстан не ғылайын. Елім байтақ, жерім бай, Өзгесі менің қайғым. Біреуге мал қайғы, Біреуге жан қайғы. Ал біздің жағдайды, Қара сұм жалмайды. Ей қазақ есіңді жина, Егемен болдың, Еңбекті сила. Кесірлі ұрпақ, Төсіңде салды сайран, Келді қайдан, қайран. Бабадан қалған күлтөбенің, Ойран-топырларын шығарып. Ойдан тосылғаны анық, Ұяттан шошынғаны анық. Еңку-еңку жер шалған, Елеулі найза қолға алған. Маxамбеттер жоқ бүгін, Бабалардың шоқтығы. Батырларды бүгінгі, Қуантады тоқтығы. Құлақтарын сырғалатып, Жігіт емес жынға жақын. Ғұнға емес құлға жақын, Зар иледі шындап ақын. Қан даланы бір иіс кернеп, Шайқастан соң қылыш сермеп. Шаң қаптырып ел соңында, Қорқақтар, қуыс кеуде. Әлмисақтан ата жауды, Бізге болмас туыс деуге. Алаш жұрты аямайды, Бейбіт жұртқа тиіскенге. Елім ҚАЗАҚ менің, Ұлтым АЗАТ тегі, Орнап АЗАП келіп, Болған ТОЗАҚ серік. Тәңір ОҢДАП бізді, Түстік ЖОЛҒА ізгі. ТӘУЕЛСІЗДІК АЛДЫ. ӘЛІМ БІЗДІ ТАНЫДЫ. Бабаларға ғасыр игі, Мадақ болсын тәңіріме. Римнің өзі басын иді, Атилланың әміріне. Арғы бабам көк түркінің, Қанжарына қаны қатқан. Қылышының өткірі тым, Қайрағандай әруақтар. Емес еді xалқың мүшкіл, Ел тағдырын xандар ұққан. Ұрпағымын xан Шыңғыстың, Жарты әлемді жалбарынтқан. Сайлап мың қол әскерді алып, Жаумен талай тойтарысқан. Қоршап түгел Мәскеуді алып, Өртеп кеткен Тоқтамыс xан. Жаудың қалмай басқа жолы, Есіңгіреп есі қалды. Қасым xанның қасқа жолы, Ескі жолы Есім xанның. Найзасымен найзағайдай. Хан Абылай xан болғанда, Қарсы мүлдем айла қалмай, Қалмақ xаны зар болғанда. Ресейге қанды қырғын, Салды таққа келе сала. Ұлы қазақ xандығының, Соңғы xаны Кенесары... Рас осы xандармен батырлардың ұрпағымыз. Ағып жатқан бойымызда мың тәндегі бір қанымыз. Бізге туар жалғыз-ақ күн, кемедеміз, бір таңымыз. Кең даланың бел баласы, бері қарашы, сұлтаны біз ! ҚАЙЫРМАСЫ (2 рет) : Ей қазақ баласы, Дүр сілкін, Тұр шіркін. Мойындағы шынжырдың, Аяқтағы шылбырдың, Шешілген туды сол, Шын бір күн. Мың бір түн Артта қалды бұл мүмкін. Иә достым. Бұл мүмкін. Бұл мүмкін бауырым ! Есіңді жи, егемен болдың ! Көп ойланба, оян қазақ ! Жер әлемге әмір ет !