ЖОЛ САҚШЫЛАРЫНА – ЖАҢА ЕРЕЖЕ HD

05.01.2017
Ел аумағында жол полицейлеріне қатысты жаңа ереже қолданысқа енді. Ережеге сәйкес жол сақшылары қозғалысты «ала таяқсыз» реттейтін болады. Алайда, жаңа заңға сүйеніп жалаң қолмен тоқтатқан ақтөбелік жол сақшысы бұл әрекеті үшін түсініктеме жазып әлек. Бұл қалай болғаны? Демек, жол жиегіндегі сақшылар қолын оңды-солды бейберекет қозғалыспен емес, белгілі бір жағдайда ғана тоқтатады. Жаңа заңның жай жапсары мен жамбылдықтардың пікірін Дина Али біліп қайтты.Тәртіп сақшылары тек таяғынан айырылды демесең, алып бара жатқан өзгеріс жоқ. АлғашҚЫ күндері қолды оңды-солды сермегендер жазаға ілікті. Себебі, полицейлер қол қимылымен тек кептеліс пен жол апатында және жедел іздестіру шарасы кезінде ғана тоқтата алады. Аталмыш мәселе әлеуметтік желілерде де жаппай талқыға салынуда. Көптің пікірінше, жол сақшылары құдды бір көлік тоқтатып тұрғандай көрінеді дейді.Бұқараның пікірінше, бұл боранды күндері мен түнде түсінбеушілік тудыруы мүмкін.Арнайы дыбыс, жарық белгілері, ысқырық – сақшыларға қосымша көмек. Сонымен қатар енді қала көшелерін күн сайын арнайы топ аралап бақылауға алады. Бұрынғыдай тығылып тұрып, тосыннан шығып «бармақ басты, көз қыстылыққа» салыну да болмайды енді. Жалпы жаңа ереженің қарапайым жүргізушіге кері әсері жоқ.

Похожие видео

Показать еще