Тұсаукесер: «Алматы» арнасындағы жаңа телехикаяның басты кейіпкері Айнұрдың Арманы HD
19 сәуірден бастап «Алматы» телеарнасында «Айнұрдың Арманы» атты жаңа 20 сериялы ситуациялық комедия көрермендерге жол тартпақ. Телехикаяға арқау болған басты мәселе отбасындағы құндылықтармен байланысты, яғни мықты әрі бақытты отбасын сақтап қалудың құпиясы неде? Отбасындағы бақыт жас жұбайлардың өздеріне ғана байланысты ма, әлде олардың ата-аналары мен туған-туысқандарының қосар үлесі мол ма? Қай отбасын болсын осы сұрақтар мазалайтыны белгілі, ал жаңа телехикая кейіпкерлері соның сырын ашып, жауап беруге тырысады.
Похожие видео
Показать еще