Жеңіс күні
Құрметті достар! "Парасат жолы" жобасы аясында, 9-мамыр Жеңіс күніне орай кітапханада "Үлы Жеңіс әдебиет беттерінде " атты таңымдық сағат ұйымдастырылды. Шара барысында тақырыпқа сай кітап көрме ұйымдастырылып, жаднама таратылды Шара мақсаты: оқырмандарды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды - ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу Жеңіс күні – сан мыңдаған ұрпақ үшін ұлы мереке. Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғыс - Ұлы Отан соғысы аяқталғанына 77 жыл толады. Бұл сол кездегі халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.