Дина Нұрпейісова - Әсем қоңыр (Орындайтын Жеңіс Алмас, NIS Атырау)

29.01.2021
АҢЫЗ ӘЙЕЛ Биыл аты аңызға айналған күйші Дина Нұрпейісованың өмірге келгеніне 160 жыл толады. Осыған орай, NIS Атыраудағы кезекті шаңырақ сағаты күй анасының өмірі мен шығармашылығына арналды. 7 және 11 сынып оқушылары атақты күйшінің туындылары, өмір жолы, күй атасы Құрманғазы Сағырбаев және жыр алыбы Жамбыл Жабаевпен кездесулері, және сол кездесулердің Динаның өмірінде алатын орны туралы сөз қозғады. Дина Нұрпейісованың күйлері құрылымы мен мінезі жағынан өте күрделі келеді. Оның әр күйінің астында тарих жатыр. Көпшілікке танымал «Әсем қоңыр» күйін композитор сүйікті ұлы Қоңырға арнағаны белгілі. 7В сынып оқушысы Жеңіс Алмас аталмыш күйді домбырада күмбірлете ойнап, Дина Нұрпейісованың шығармашылығының бар күші мен әсемдігін паш етті. ЖЕНЩИНА-ЛЕГЕНДА В этом году исполняется 160 лет со дня рождения легендарной кюйши и композитора Дины Нурпеисовой. Ее жизни и творчеству был посвящен очередной час шаныраков в NIS Атырау. Ученики 7 и 11 классов обсуждали произведения прославленной кюйши, говорили о ее жизненном пути, встрече с композитором Курмангазы Сагырбаевым и поэтом Жамбылом Жабаевым, и об их роли в ее творчестве. Произведения Дины Нурпеисовой очень сложны по структуре и характеру. Каждый ее кюй имеет свою историю. Известно, что знаменитый кюй «Әсем қоңыр» она посвятила любимому сыну Коныру. Ученик 7В класса Женис Алмас виртуозно сыграл «Әсем қоңыр» на домбре, продемонстрировав всю мощь и красоту тверчества Дины Нурпеисовой.

Похожие видео

Показать еще