Анонс. «Ұлттық домбыра күні»: 1 шілде, 12:00 HD
Елімізде бұрың-соңды болмаған Ұлттық домбыра күні барлық өңірде барынша аталып өтпек. Ал ел ордасы Астанада айтулы күнде мыңдаған домбырашы ашық аспан астында «Адай», «Көңілашар», «Балбырауын», «Ерке сылқым», «Сарыарқа» секілді күйлерді күмбірлете орындайды. Одан бөлек, халықтық серуен өткізіліп, Дина Нұрпейісова, Құрманғазы Сағырбайұлы, Ахмет Жұбанов сынды ұлттық өнер майталмандарына арналған көрме ұйымдастырылады деп күтілуде. Ұлттық домбыра күніне арналған ауқымды шараны 1 шілде күні сағат 12:00-де «Хабар» арнасынан тікелей эфирде көре аласыздар! Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шілденің бірінші жексенбісін «Ұлттық домбыра күні» деп белгіледі.
Похожие видео
Показать еще