1 шілде - Ұлттық домбыра күні
Сіз домбыра шертуді білесіз бе?! Ендеше 1-шілде күні елордадағы «Қазақ елі» монументінің жанына келіп, өнер көрсетіңіз. Ұлттық домбыра күніне орай Астанада осындай ауқымды шара жоспарланып отыр. Мәдениет басқармасы өкілдерінің айтуынша, бұл күні бір уақытта 3000-нан астам өнерпаздың домбыра шертуге мүмкіндігі бар. Тек ол үшін алдын ала «asyldombyra.kz» сайтына тіркеліп, «Көңілашар», «Адай», «Балбырауын», «Ерке сылқым», «Сарыарқа» күйлерін жатқа білу шарт. Қазірдің өзінде белсенділік танытушылар саны 1500-ге жуықтаған. Тіпті араларында лауазымды қызметкерлер де бар. Ұлттық мереке күні халықтық серуеннен бөлек, ұлттық аспаптар музейінің көрмесі, танымал күйшілердің қатысуымен өтетін концерттерді тамашалауға болады.
Похожие видео
Показать еще