Тараз көк түтін астында: тыңайтқыш зауыттан болған апат елдің зәре құтын қашырды HD
Таразда «ҚазФосфат» минералды тыңайтқыш зауыты көптің зәре құтын қашырды. Аймақтағы алып химиялық өндірісте болған апаттан қала көк түтінге "көмкеріліп" қалды. Енді араға күн салып апатты жағдай тіркелетін өндіріс орнында жоспардан тыс тексеру жүргізеді. Күн жарықта көк тұманда қалған тараздықтар құдды заманақыр бейнелеген кинодағы көріністің куәсі болды. Бірақ бұл ешқандай голливудтық киноөндірісінің қойылымы емес. «Қазфосфат» серіктестігінің мұржасынан шыққан күкірт қышқылының күлімсі иісті көк түтіні екені белгілі болды. Сорғысының бірі істен шығып 15 минуттың ішінде қалың тұман тұрғындардың тынысын тарылтқан. Ал дереу зауытты тоқтатып зерттеу жүргіздік деген зауыт басшылығы бұл түтіннен адам ағзасына зиян жоқ дейді. АРМАН ҚАРАҒАЛИЕВ, «Қазфосфат» ЖШС бас экологы: – Санитарлық аумақтарды қаланың маңында ондай өзінің мөлшерінен асып кеткен жағдайы болған жоқ. Құбырларды да зерттедік. Ол тек қана біздің лаборатория емес, мынау экология департаментінің лабораториясымен қосылып жасалған болатын. Ал өзге эколог мамандар бұл айтылғанды жоққа шығарды. Бөлек зерттеу жүргізген департамент зертханасының мамандары ауа құрамында шамадан тыс химиялық қалдықтарды анықтадық дейді. Қазір осыған орай зауыт жұмысын тоқтатуға күш салып отыр. Бірақ прокуратура пәрмен бермей өз беттерінше әрекет етуге дәрмен жоғын жасырмады. СЕРІК НҰРБАЕВ, Жамбыл облысы экология департаментінің бөлім басшысы: – Санитарлық аймағынан сынама алынып күкірт, зиянды заттардың нормадан асқаны анықталды. Жөндегенге дейін зауыттың жұмысын мүлдем тоқтататын шығармыз. Прокуратурадан болмаса гос органдардан бізге хат түсу керек. Сол хаттарды негізге ала отырып жоспардан тыс тексере аламыз. Прокурор бірге жүрді. Анықталғанын көрді. Ұсыным әзірлену үстінде. Қазір күтіп отырмыз. Мұндай жағдайдың жиілеп кеткенін айтқан жұрт бұл жауапқа "жұбанғысы" жоқ. Айтуларынша алпауыт компанияның қожайынына ешкімнің азуы бата қоймайды. Сондықтан әдеттегідей жылы жаба салады деп санайды. Қазір зауыт штаттық режимде жұмыс істеуде. Арнайы құрылған жұмыс тобы келген залалды алдағы уақытты жария ететін болады. Ал бұқара тексеріс қорытындысы құбыла сала ма деп қорқады. Өйткені «ҚазФосфат» аймақтағы ірі салық төлеуші. Сондықтан «күлшелі бала сүйкімді» дегенді бұл жолы жұмысшы тобы қолданбайды деп сенгісі келеді. Нұрадин Рақай Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #экологиялық_апат #Тараз
Похожие видео
Показать еще