Мемлекет қаржысын орынсыз жұмсайтын шенділердің әрекеті жұрттың ашуын тудырды HD

14.06.2022
Жамбыл облысында мемлекеттің қаржысы орынсыз жұмсалуда деген жұрт билікке қарсы шықты. Айтуларынша, электр жарығына жауапты мекеме бүтін тұрған бағандарды "жаңалаймыз" деген желеумен ақшаны ауаға шашуда. Бұл істе бір шикілік барына сенімді тұрғындар бюджет тиынын бақылайтын қаржы басқармасы мен прокуратураның қайда қарап отырғанына аң-таң. Тақырыпты тілшіміз Нұрадин Рақай тарқатады. Күйінген көп бүтін тұрған мына бағаналар кімнің көзіне түрткі болып көрінгенін түсінбей дал. Ең қариясы ес білгелі бұл желінің үзілгені есте жоқ дейді. Ендігі жерде оны жаңалаудың қажеті шамалы деп санайды. Ал бюджет қаржысын жұмсау керек болса сан мың мәселе тізбегі тұр дейді. ТЕМІРХАН МАҒЖАНОВ, Кеңес ауылының тұрғыны: – Бізге электр энергия мәселесі аса қажет етіп тұрған жоқ етін. Светіміз бар бәрі жақсы. Осы столбымызға кеткен ақшаны жолымызға жіберсе. Ауылда проблема жеткілікті мысалға ағын су жетпейді, мәдениет үйі жетпейді, спорт комплекс жетпейді. Оданша соған жұмсамай ма? Үкіметтің ақшасын шашқанша. Тұрғындар материалы мықты ескі бағана темір бетоннан жасалған жаңасының талайынан әлдеқайда сапалы дейді. Бірақ соған қарамастан, былтырдан бері жанына жанамалап 16 шақырымға жаңа желі тартыпты. Халық оның өзі үп еткен желге қисайып, көз бояушылықпен салынғанын айтады. Қойылған қарағайлардың гидро изоляциясыз көмілгенін күрекпен қазып көрсетті. Жұмысшылар тек көзге көрінер бетін ғана бояп қойған. Жауапты Жамбыл электр желілерінің басшылығы бұл ісінен беті қызарды. Ал жарамды бағанды ауыстыруға басты себеп - қызмет көрсетудің қиындығымен байланысты деп түсіндіреді. МИРАС МҮБАРАКОВ, Жамбыл электр желілері мекемесінің бас инженері: – Байзақ аудандық электр желісінің монтерларына столбқа шығуына кедергі болып жатыр. Қаражатқа жауап бере алмаймын. Енді гидро изоляция жағылмаған, иә келісемін. Мойындап тұрмын. Осылайша он алты шақырымға қойылған жаңа бағаналарды қайта қазып алуға тура кеп тұр. Ел бір істі екі еткен жауаптылар бүтін бағанды жарамсыз деп есептен шығару ақша жасаудың амалы ма деп күдіктенеді. Бұл күдігін билікке бұған дейін де айтқан. Бүгін басқаша жеткізіп көрді. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

Похожие видео