Өзбекстанда карантин режимі жеңілдетілді HD

21.04.2020
Өзбекстанның кейбір өңірлерінде карантин режимі жеңілдетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24». Қауіпті вирус анықталмаған және эпидемиялогиялық ахуалы жақсарған облыс, аудан мен қалаларда бірқатар шектеу алынып тасталуы тиіс. Президент Шавкат Мирзиёев коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі арнайы республикалық комиссияға осындай тапсырма жүктеді. Бұл аймақтарда құрылыс жұмыстарын жалғастыруға рұқсат берілді. Есесіне, компаниялар санитарлық-гигиеналық әрі қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек. Бүгінде көрші мемлекеттегі құрылыс саласында 1 млн 325 мың адам еңбек етіп жүр. Бұдан бөлек, елде әуе поштасының қызметі де қалпына келді. Наурыздың 20-нан бастап бүгінге дейін хаттар мен сәлемдемелер тек автокөлікпен жеткізілетін. Ал Ташкентте химиялық тазалау орындары жұмысын бастауға рұқсат алды. Алайда олар азаматтардың киім-кешегін үйлерінен өздері алып кетіп, кейін апарып беруі керек. Толығырақ: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/390281-zbekstanda-karantin-rezhimi-zhe-ildetildi «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW Біздің сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24

Похожие видео

Показать еще