Кәрім Мәсімов пен екі орынбасарының үстінен тағы екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды HD
«Мемлекетке опасыздық жасады» деген күдікпен қамауға алынған Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің үстінен тағы екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол «билікті күшпен басып алуға тырысты» және "лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланған" деген баптармен де тергеліп жатыр. Тура осындай қылмыстарды жасады деген күдікпен Мәсімовтен бөлек, оның Ұлттық қауіпсіздік комитетінде орынбасарлары болған «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин ұсталды. Естеріңізге сала кетсек, Кәрім Мәсімов 6-шы қаңтарда қызметінен босатылған еді. Ал 8-ші қаңтар күні оның ұсталып, үстінен қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды. Тергеу құпиялығына байланысты, Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзге ақпарат жариялаған жоқ. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #ҰҚК #Мәсімов #тергеу #КНБ