Заңсыз аң аулаушылар ұсталды
Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Арыс -- Қарақтау» мемлекеттік қорығы аймағында «Қызыл кітапқа» енген 2 қарақұйрықты заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды. Олар Қызылқұм өңірінен олжалаған аңдарын бөлшектеп қапқа салып, шопандар көшін артқан трактор тіркемесіне жасырып өтпек болған. Ерекше қорғауға алынған қарақұйрықты атуға заңмен тиым салынған. Сонымен қатар ұсталған азаматтарда аңшылыққа рұқсат беретін құжат болмаған. Өңірде жабайы аң-құстарды ату науқаны 1 қаңтардан бастап тоқтатылды. Бірақ арнайы қорғалатын аймақтарда кездесетін аң-құстарды аулау оқиғалары тіркеліп жатыр. Былтыр өңірде екі бірдей браконьерлік факт тіркелсе, бұл биылғы алғашқы заң бұзушылық. Ал «Қызыл кітапқа» енген қарақұйрықты атқан азаматардың табиғатқа келтірген залалы 1 миллион 200 мың теңгені құрап отыр. Подписывайтесь на «Хабар 24»: https://www.youtube.com/c/tv24kz Наш сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24