Оқушының кекілін кескен мұғалім жұмыстан шығарылды
Солтүстік Қазақстанда мектеп мұғалімі оқушысының кекілін қиып, сыныптастарының көзінше маңдайына «екілік» деп жазып берген. Бұл аздай, баланың қыр-соңына түсіп, қысым көрсеткен. Бұндай қорлыққа шыдамаған Олжас Тілеген орманға қашып кеткен. Оқушыларға ойына келгенін істеген жас маманға «әй дейтін әже, қой дейтін қожа» табылмапты. Өйткені, мектеп директоры өзінің қайын енесі екен. Подписывайтесь на «Хабар 24»: https://www.youtube.com/c/tv24kz Наш сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24