Туристік экспедициялық жасақтардың слеті Шу - 2018 ж. HD

25.04.2018
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен Шу ауданында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Менің Отаным – Қазақстан» атты туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слеті болып өтті. Бұл екі күнге созылған слетке әр аудандар мен Тараз қаласынан және облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерден 130-оқушы мен 12-топ мүшелері қатынасты. Слетке қатысушылар бірінші күні Бірлік ауылында орналасқан М.Х.Дулати орта мектебінде слеттің ашылу маусымы мен қатар екі блоктан құралған бағдарламалары бойынша жұмыстарын бастап кетті. Негізгі үш болгтан құралған бұл слеттің бірінші блогы «Өлкетану» болса ал екіншісі «Экологиялық» блогтан тұрды. Ал екінші күні үшінші «Туристік» блог бойынша «Біріктірілген туризм» деген атпен Шу ауданына қарасты Жайсан тауында шараларын жалғастырды. Мұнда арнайы туристік шатырлар тігіліп жарысқа қатысушылар тау шатқалдарына арқанмен өрмелеу, керілген арқан канаттар арқылы келесі бетке өту секілді көптеген сайыстар өткізді. Жарыс соңында жеңімпаздар арнайы дипломдар мен марапатталды. Атап айтсақ 1 – ші орынды Қордай ауданынан келген туристік топ иеленсе, 2 – ші орын Шу ауданының жас туристтеріне бұйырды. Ал, 3 - ші орынға Мерке ауданынан келген оқушылар иеленді.

Похожие видео