Рухани жаңғыру HD

30.12.2017
Еліміздің болашақ бағдарын айқындайтын 2050 жылға дейінгі стратегияда жаһанның 10 сын-қатері жайында жазылған. Міне сол қауіптер жаңарудың жаңа толқынын талап етсе керек. Сондықтан саяси, экономикалық және рухани тұрғыдан өзгеруге тиістіміз. Үш жаңғырудың жолы үш бағытта емес. Олар бірі-бірін толықтырып, қоса қабат жүруі тиіс. Конституциялық реформа мен технологиялық төңкерістің өзегі – санадағы сілкініс. Қазақ қоғамы ескінің – естісін, жаңаның жақсысын жанына байлауы қажет. Сонда жампоз шығарына күмән жоқ. Осы ретте Елбасы алты мақсат пен алты міндетті айқындап берген. Ендігі сауал сол тапсырмалардың қалай атқарылып жатқандығында. Бұған Президенттің өзі жауап берді. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: -Қазіргі компьютердегі нұсқаға сай келуі керек. Компьютердің таңбаларын өзгертпеуге жағдай жасау керек. Сол үшін жасадық, Меніңше, қазіргі нұсқа дұрыс деп санаймын. Ол бір. Ол жүріп жатыр. Анау күні 100 жаңа есім деген жобаның қатысушыларын жинадық. Керемет. Меніңше, жылда сондай жасап тұру керек. Өз еліміздің ішіндегі талантты жастарды да, үлкендерді де біз біле бермейміз. Енді оқулық деген мәселе бар. Дүниежүзіндегі оқулықтарды бізге әкелмесек, қалай сай боламыз дүниеге. Мысалы, экономика пәнін алатын болсақ, «Экономикс» деген кітап бар. Ол қазақ тілінде ешқашан болмаған. Қазір шықты. Сондай 18 оқулықты қазақ тіліне аударып үлгірдік. Содан кейінгі Қазақстанның әр жеріндегі киелі нысандар белгілі. Тау мен тастың, өзен-көлдердің аттары және туристік мәні бар үлкен объектілер – олардың да тізімі жасалды. Сөйтіп-сөйтіп, барлық жағынан да жұмыс жасалып жатыр.

Похожие видео

Показать еще