Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында білімге басымдық берілді HD
Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған осындай кестелі сөз, кесек ойлар кешелі бері ел аузында жүр. Бұл еңбегінде Нұрсұлтан Назарбаев елес идеологияларға ермей, заманға сай амал етуге үндейді. Таяу онжылдықтың ұраны реализм мен прагматизм болуы керек дегенді меңзейді. Ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, өткеннің кейбір кертартпа тұстарынан арылуымыз керек дегенді айтады. Бұл – рухани жаңғырудың жалғыз шарты. Білім – бүгінгінің басты қажеттілігі. Дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге төтеп береді деген сөз. Өскелең ұрпақты әуелі білімге құштар болуға үндеудің сыры осында.