Бердібек Сапарбаев пен Елжан Біртанов Атырау облыстық ауруханасының жұмысымен танысты HD
Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Атыраудағы жұмыс сапары аясында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен бірге облыстық аурухана жұмысымен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24». Жергілікті ақхалаттыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өңірде әлеуметтік статусы нақтыланбаған 24 мың адамды анықтау және олармен жұмыс жасау керектігі айтылды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қатар, келер жылдан бастап балаларға дәрігер жазып берген рецептуралық дәрі-дәрмектер тегін берілуі мүмкін. Осыған байланысты қазіргі таңда, арнайы тізім бекітіліп, препараттарды алдын ала сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/347144-berdibek-saparbaev-pen-elzhan-birtanov-atyrau-oblysty-aurukhana-zh-mysymen-tanysty
Похожие видео
Показать еще