Өзбекстанның Қазақстандағы жылы аясында аймақаралық форум өтеді

15.03.2018
Өзбекстан өз өнімдерін Қазақстанның теңіз қақпасы арқылы Еуропа нарығына шығаруды көздеп отыр. Қазіргі таңда Қарақалпақстан мен Ақтау арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жалпы көрші елмен арадағы байланысты одан әрі нығайту мақсатында ортақ жол картасы жасалған. Онда әр өңір өз ерекшелігіне қарай бөлінеді. Яғни Оңтүстік облыстар мен Ташкент, Алматы мен Әндіжан, Батыс өңірлері Нүкіспен экономикалық байланыс орнатады. Бұл екі ел басшысының тауар айналымын 5 миллиард АҚШ долларына жеткізу жөнінідегі тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді, дейді мамандар.

Похожие видео

Показать еще