Дала сұржыланның шабылуы

09.12.2019
Шығыс дала сұржыланы/Восточная степная гадюка (Vipera renardi) — сұржылантектестер тұқымдасына жататын ұлы жылан. Дене ұзындығы 550 мм-ге дейін жетеді, құйрық ұзындығы 70—90 мм. Дененің жоғарғы жағы сұр-қоңыр немесе ашық сұр түсті, жотаның бойында қара иір-иір жолақ өтеді, кейде жолақ бөлек дақтарға бөлінеді. Шеттерінен бұлдыр қара дақтар өтеді. Бастың жоғарғы жағында күңгірт өрнегі бар. Іші сұр, ақшыл дақтары бар. Сазды жартылай шөлдер мен далаларда, сортаңды шалғындарда, өзен жағалауларында, оның ішінде қамыс пен жыңғыл өскен жағалауларда, шымданған құмдарда, сортаңдарда мекендейді. Қараусыз қалған далаларда, ел орналасқан жерлерде кездеседі. Тауларда теңіз деңгейінен 500–900 м биіктікке дейін көтеріледі. Жұптау қыстаудан 10–20 күн шыққан соң басталады. Жаңа ұрпағын тірідей туады. Аналығы 5–20 төл әкеледі. Наурыз айының соңынан бастап қыстаудан шығады, қыстауға қазан айында кетеді. Көктем мен күзде күндіз уақытта белсенд боладыі, жаз айларында түнгі және ымыртты өмір салтын жүргізеді. Қорегінің негізін тік қанаттылар құрайды, кейбір маусымдарда кесірткелермен қоректенеді. Қазақстанда қарапайым, кейбір жерлерде сансыз көп. Жаулары – жыртқыш сүтқоректілер мен құстар. Шығыс дала сұржыланының уы дені сау ересек адамды өлімге әкелмейді. Қазақстанда солтүстік-шығыс Каспийден Алтайға дейін, шөлді аймақты қоспағанда, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында кездеспей, шамамен барлық жерде мекендейді. ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДА СҰРЖЫЛАННЫҢ, КӘДІМГІ БОЗША ЖЫЛАННЫҢ ЖӘНЕ ОҚ ЖЫЛАННЫҢ УЫ ЕРЕСЕК АДАМ ҮШІН ӨЛІМ ҚАУПІ ЖОҚ (АЛЛЕРГИЯСЫ БОЛМАСА), ШАҒУЫ АУЫРЛЫ, АҒЗАНЫҢ УЛАНУЫН ТУҒЫЗАДЫ, БІРАҚ ӨЛІМГЕ КЕЛТІРМЕЙДІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫМЕН ӨТЕТІН ШЕКАРАСЫНЫҢ ҚАСЫНДА КЕЗДЕСТІРУГЕ БОЛАТЫН ТЕК ОРТА АЗИЯЛЫҚ ӘБЖЫЛАН (СРЕДНЕАЗИАТСКАЯ КОБРА), КӨЛБАРЖЫЛАН (ГЮРЗА) ЖӘНЕ АТПА ҚҰМЖЫЛАН (ПЕСЧАНАЯ ЭФА) ҚАУІПТІ. ОЛАРДЫ КЕЗДЕСТІРУ ӨТЕ ЕКІТАЛАЙ. ЖЫЛАНДЫ ӨЛТІРМЕҢІЗ. ЕГЕР ЖЫЛАННЫҢ ТҮРІН БІЛМЕСЕҢІЗ, МАЗАСЫН КЕТІРМЕҢІЗ. ЖЫЛАННЫҢ ПАЙДАСЫ КӨП, САНИТАР РӨЛІН АТҚАРЫП, КЕМІРГІШТЕРДІҢ САНЫН ШЕКТЕЙДІ. 2019 жылы Қарағанды облысы, Сатпаев қаласында түсірілген. Дереккөз: https://www.instagram.com/olzhasakhat/ Қазақстан жыландары, #Қазақстанжыландары, Қазақстанның бауырымен жорғалаушылары, #Қазақстанныңбауырыменжорғалаушылары, змеи Казахстана, Kazakhstan snakes, Kazakhstan Eastern Steppe Viper

Похожие видео

Показать еще