Бүгін «ЖЖЖ Корпоратив» телехикаясы басталады

29.12.2016
Бұл фильм – бұған дейін көрерменнің ықыласына бөленген «Сүрбойдақ» сериалының жалғасы. Оқиға сол «Қарыз Банкте» өрбиді. Банк менеджерлері Жаңа жыл алдындағы қарбаласта күнделікті жұмыстарымен бірге жеке шаруаларын да шешуге асығуда. Кімнің мерекелік кештен қалғысы келсін. Дархан Дайырбек, актер -Мемлекет болғаннан кейін, халық болғаннан кейін оның арасында айырбас, сауда жүреді. Сол банктің «Қарыз Банк» аталуы, халыққа несие беру жағынан қызықты жағдайдың бәрі осы халықтың өзінің көкейінде жүрген нәрсе. Сүрбойдақтағы Қадырбек бұл жолы үйленіп, шаңырақ көтерген. Енді көптен күткен жаңажылдық кешке әйелінен қалай сұранарын білмей әлек. Әбунасыр Серіков, актер -Мен енді оның бәрін айтатын болсам, қызық болмайды. Оның бәрін Жаңа жылда отырып көру керек. Ақ сақалды қарт маман келгеннен кейін банкте ғажайып оқиғалар бола бастайды. Тіпті жастар жағы көп дүниеге өздерінің көзқарасын өзгертеді. Әуез Әуезов, сценарий авторларының бірі -Көрерменге көп тосынсый дайындап қойдық. Сюжеттік оқиғалары қызық. Бұл – қағытпа қалжың мен мейірімге толы сериал. Мұнда әсем ән мен көтеріңкі көңіл-күй және махаббат та бар. 6 сериялы фильм «Хабар» арнасында бүгін кешкі сағат 20.20-да басталады. Авторлары: Ұлан Нарынбек, Мұқит Құдықбаев

Похожие видео

Показать еще