Қызылордада апатты үйдің тұрғындары баспаналы болды HD
Осы күнге дейін ескі үйде тұрып келген тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Айта кетерлігі, апатты тұрғын жай мәселесі мұнымен біткен жоқ. Жалпы облыс орталығындағы құлау қаупі бар үйлердегі тұрғындардың мәселесі қалай шешімін таппақ. Қуықтай бір бөлме. Небәрі 15 шаршы метр. Іргесі сыз тартқан. Жылу құбырлары мүлдем жоқ. Ал әжетханасы далада орналасқан. Вилия Шернютенің бүгінге дейін күнелткен баспанасының сиқы осы. Өмірлік жары осыдан 5 жыл бұрын өмірден өтіпті. Ал жалғыз ұлы Мәскеуде тұрады екен. 45 мың теңге зейнетақысы коммуналдық шығындар мен азық-түлігіне әзер жетеді. Бірлік мерекесінде Вилия Шернютеге екі бөлмелі жаңа пәтер табысталды. Үйі апатты деп танылғаннан кейін 1 жылдай пәтер кезегінде тұрыпты. Енді ол Сырдарияның сол жағалауынан бой көтерген жаңа мөлтек ауданның тұрғыны болды. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW Біздің сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24
Похожие видео
Показать еще