Биыл 14 есе көп! Тек наурыз айында 11 мың Ресей азаматы Қазақстанның ЖСН алған HD
Биыл тек наурыз айында 10 мың 995 Ресей азаматы қазақстанның жеке сәйкестендіру нөмірін алған. Бұл, өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 14 есеге көп. Ішкі істер министрлігінің ақпарына сай, былтыр 14 мың 717 ресейлік ЖСН алса, 2022-ші жылдың алғашқы үш айында 12 мың 840 Ресей азаматына нөмер берілген екен. Ал, Украина азаматтарына қатысты бұл көрсеткіш айтарлықтай көп емес. Мәселен, биыл қаңтарда 42 украиндық жеке сәйкестендіру нөмірін алса, ақпанда 80, ал наурызда 198 адамға беріліпті. Айта кетейік, Қазақстанда шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірі банкте шот ашуға, шетел азаматы Қазақстанда табыс табатын болса, автокөлік сатып алса немесе заңды тұлғаның басшысы болып тағайындалғанда керек. Ал, Украина азаматтарына қатысты бұл көрсеткіш айтарлықтай көп емес. Мәселен, биыл қаңтарда 42 украиндық жеке сәйкестендіру нөмірін алса, ақпанда 80, ал наурызда 198 адамға беріліпті. Айта кетейік, Қазақстанда шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірі банкте шот ашуға, шетел азаматы Қазақстанда табыс табатын болса, автокөлік сатып алса немесе заңды тұлғаның басшысы болып тағайындалғанда керек. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #ЖСН #РесейМигранттары #азаматтық
Похожие видео
Показать еще