ForteMobile-дің 100 мыңыншы қолданушысына iPhone 12 Pro Max телефонын сыйға тартылмақ HD

10.06.2021
ForteBank ForteMobile-дің 100 мыңыншы қолданушысына iPhone 12 Pro Max телефонын сыйға тартты. Бағалы сыйлықтың иесі Павлодар қаласында тұрады. Ол, баламасы жоқ жобаның барлық шарттарын орындап 100 мыңыншы болып тіркелген. Сұңғат Әбілев наурыз айынан бастап ForteBank-тің ұсынған қызметтерін пайдалана бастаған. Жалақысын да осы банк арқылы алатын азаматқа Форте банк мамандары хабарласып, келіп кетуімді өтініпті. Себебін түсіндірген жоқ дейді. СҰҢҒАТ ӘБІЛЕВ, Павлодар қаласының тұрғыны: – Шынымен де осы iPhone 12 телефонын береді деп ойламап едім. Сондықтан да бүгінгі сюрприздары өте керемет. Әсер алып, өзім кішкене қобалжып, керемет сюрприз. Өзіміз қуаныштымыз. ForteBank ForteMobile мобильді байланысын 2020 жылдың мамыр айында іске қосқан. Шарт бойынша банк тұтынушысы дебеттік карта арқылы айына 50 мың теңгеден астам сомаға төлем жасаса, мобильді байланысты тегін қолданады. Бұл тек, Қазақстан ішінде ғана емес, роумингте жүргенде де пайдалы. ДМИТРИЙ СМУСЕВ, ForteMobile жобасының директоры: – Біз екі тарифтік жобаны ұсынамыз. Олар «Gold» және «Platinum» деп аталады. Тұтынушылар тарифтерді өздері таңдайды. Ерекшелігі сол, ForteMobile мен Beeline абоненттері арасында сөйлесу тегін. Басқа операторларға 250 минут және 25 гигобайт беріледі. ForteMobile жобасының абоненті болу үшін Қазақстандағы ForteBank-тің кез-келген бөлімшесінен барып ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, mobile.forte.kz сайтында онлайн өтінім беруге де мүмкіндік бар. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #науқан #ForteBank #Iphone12

Похожие видео

Показать еще