Астана Аренада «Муз-ТВ 2015. Гравитация» сыйлығын табыстау рәсімі өтуде
Халықаралық мәдени шара биыл 13-ші мәрте ұйымдастырылды. Айта кетейік, бұған дейін «Муз-ТВ» сыйлығы тек Мәскеу қаласында табысталып келген. Елорда төрінде бүгін 14 аталым бойынша үздіктер анықталады. «Муз ТВ» тарелкесінен үміткерлердің арасында қазақстандық орындаушылар да бар. Мұхтар Ыбырайым, тілші -«Муз-ТВ 2015 сыйлығы: Гравитация» салтанаты шарасы тұңғыш рет Қазақстанда өткелі отыр. Бұл жолы ұйымдастырушылар бірегей шоу ұйымдастырып, жарқын нөмірлерді сахналамақ. Қазір алғашқы қонақтар келіп жатыр. Ресей эстрадасының майталмандарымен қатар Қазақстанның жұлдыздары да қызыл кілемнен өтуде. Кеш көрігін қыздыратындар қатарында Ксения Собчак, Андрей Малахов, Максим Галкин сынды өнерпаздар бар. Қонақтар: «Ауқымды шараның Қазақстанда ұйымдастырылуын лайықты таңдау», – дейді. Тіпті Филипп Киркоров музыкалық шоуды тарихи шараға теңеді. Биыл наоминациялар саны өсіп отыр. Қазақстандық үздік әнші де анықталмақ. «Муз ТВ» тарихында тұңғыш рет мұндай номинацияда сыйлық берілгелі отыр. Үміткерлердің қатарында Жанар Дұғалова, Қайрат Нұртас, Нұрлан Абдуллин мен Әли Оқапов бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сыйлық табыстау рәсімінде Батырхан Шүкеновке ерекше нөмір арналады.