ЖАЗУШЫ-ДРАМАТУРГ ТАЛАПТАН АХМЕТЖАН ТУРАЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ HD

08.06.2019
Әкеміз Талаптан Ахметжан 1961 жылы желтоқсан айының 16 жұлдызында ШҚО, Күршім ауданы, Теректібұлақ ауылында дүниеге келді. Атамыз Зейнолда Ахметжан елге сыйлы адам болған еді.Ол совхоздың жұмысынан қаншалықты шаршап келсе де әкемізге батырлар жырын әндетіп оқыған екен. Әкем сол жырларды естіп өсіп, бала кезден әдебиетке деген құштарлығы зор болған екен. Атамыз құдай қосқан жары Биғани Ысқаққызымен Нәзигүл, Мәрәмгүл, Жаңыл, Үміт, Талаптан есімді 4 қыз 1 ұлдарын өсіріп, өнегелі тәрбие беріп, ата аналық міндеттерін абыроймен атқарады. Әкеміз Талаптан үйдің кенжесі еді. 8 сыныпта оқып жүрген кезде анасы қатты сырқаттанып, дүниеден өтеді. Анасынан ерте айырылған әкем Өскемен қаласындағы Ж.Жабаев атындағы мектеп интернатына түседі. Анасына деген сағынышын, мұңын, қалам ұстап, өлеңдер мен әңгімелер арқылы, хат алысқандай бастап, бірте бірте осындай жолмен прозаға да келген... Ең алғашқы әңгімесі “Боранды түн” соның дәлелі. Байқап отырсақ, кейін шыққан әңгіме, повестьтерінің де сырлы мұңға толы болуы осыдан екен... Жазушыларды да таңдаған кезде де жанына жақындарын іздеген. Ұлы жазушылармен қоса, замандасы, жерлесі, Оралхан Бөкейдің шығармаларымен өзінің ой -өрісі ұштасқан еді. 1979 жылы мектеп-интернатты бітіріп, Өскемен құрылыс-жол институтына оқуға түседі, институтты тәмәмдаған соң, құрылыста мастер болып жұмыс істейді. Құрылыста істеп жүріп, өзінің өлеңдер мен новелла, әңгімелер мен прозалары облыстық газет бетіне жиі шыға бастайды. Көп ұзамай, 1987 жылы Шығыс Қазақстан облыстық телерадио комитетінде редактор болып үш жыл қызмет атқарады. Әкеміз өз еңбегіне аса жауапкершілікпен қарайтын, атқарған жұмысына өте адал еді. Сол жылдары 1990 жылы “Лениншіл жас” қазіргі (Жас Алаш) газетіне үш облыстың (ШҚО/ Семей/Павлодар) меншіктік тілшісі болуға Уәлихан Қалижан шақырған екен. Алматыдағы «Қазақ әдебиеті» газетінің қызметіне шақыру да сол кезде келіпті. Уәлихан Қалижан әкемізді жібергісі келмей, араға сол кездегі Жазушылар Одағының хатшысы Әкім Тарази түсіп жүріп, әкеміз бұрыннан армандаған, “Қазақ әдебиетінде” бөлім меңгерушісі болып қызметке тұрды. 1993-1996 жылдары Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігіне шақырылып, Бас маман болып үш жыл қызмет атқарады. 1996-2001 жылдары «Парасат» журналында Бас редактордың орынбасары болып, 2002 жылы 27 сәуірде шақырылған Қазақстан жазушыларының кезекті ХII құрылтайында Қазақстан жазушылар одағы басқарма Төрағасының орынбасары болып сайланады. 2005 жылдан бастап «Әдебиет айдыны» газетінің Бас редакторы 2007 жылы 6 маусымда шақырылған Қазақстан жазушыларының кезекті ХIIІ құрылтайында Қазақстан Жазушылар одағы басқарма Төрағасының орынбасары болып қайта сайланған. Сонымен қатар «Ан Арыс» баспасының Бас редакторы қызметтерін атқарады. Әкеміздің тұңғыш «Тұма» кітабының шығу тарихы ерекше еді. 1982 жылы бастаған әңгімесін бірнеше рет газетке береді. Алайда, әңгіменің көркемдік дәрежесі төмен болғандықтан, газетімізге пайдалана алмаймыз деген хат Проза және сатира бөлім меңгерушісінен

Похожие видео