75 жасқа қараған шағында көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова дүниеден өтті
75 жасқа қараған шағында көрнекті ақын, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынова дүниеден өтті. «...Мен сонда жылап қалғам, Өзіңді жек көргеннен және де ...ұнатқаннан!» Сезімнің кілтін осылайша тербеп, махаббат поэзиясында құбылыс жасаған Фариза Оңғарсынова кеше кешкісін өлең сүйер қауымды жылатып кетті. «Құмда өскен Қызғалдақтың» қадірі жастайынан-ақ өзгелерден артық еді. ТӨЛЕН ӘБДІК, Жазушы: Әдебиетке келе салғанда-ақ Әбділдә Тәжібаевтардан баға алған, өмірінде мойындалып кеткен ақын. Қызғалдақтай жаны нәзік болғанымен Фаризаның азаматтығы мен ақындығында Махамбет пен Исатайдың рухы бар болатын. Халық оны сол үшін ұнатты. ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ, Жазушы: Бүкіл халықтық құрметке лайықты... Ел еркелеткен Фаризаның діні қатты, тілі де ащы еді. Ақынның өзі ондай мінезін жасырмай айтып та жүрді. Бірақ, Фариза шын мәнінде шөл даланың сексеуілдей тамырын тереңге жайған бауырмашыл, құшағы шоқтай ыстық болатын. ОҢАЙГҮЛ ТҰРЖАН, «Тұмар» журналы бас редакторының орынбасары: Апайдың жүрегі нәзік еді, айтып тастап өкініп отыратын. Осындай жайдарлы мінезінен болса керек, қалам ұстаған кез келген жас Фаризаны өлеңдегі анасындай санады.
Похожие видео
Показать еще